Springer Nature баспасының Chemistry of Natural Compounds (Q3) халықаралық журналында ҚазҰТБ ғалымдарының ПЦФ бағдарламасы аясында орындалған екі мақаласы жарияланды

Springer Nature баспасының Chemistry of Natural Compounds халықаралық журналында (2026, Vol. 62, No. 1) Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті ғалымдарының сирек кездесетін Қиыр Шығыс өсімдіктерінің эфир майларының құрамы мен биологиялық белсенділігін зерттеуге арналған екі ғылыми мақаласы жарияланды:

  • «Composition and Biological Activity of Essential Oil from Peucedanum coreanum» (мақаланың толық мәтіні осында),
  • «Constituent Composition and Biological Activity of Essential Oil from Tripolium pannonicum» (мақаланың толық мәтіні осында).


Chemistry of Natural Compounds журналы Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстеледі, Q3 квартиліне жатады және табиғи қосылыстар химиясы саласындағы беделді халықаралық басылым болып табылады.

Гранттық қолдау және ғылыми жетекшілік

Зерттеулер ПЦФ гранты (BR24992761) аясында профессор Сүлеймен Ерлан Мэлсұлының жетекшілігімен орындалды.

Профессор Сүлеймен Е.М. шамамен 20 жыл бойы Chemistry of Natural Compounds журналының рецензенті болып табылады, халықаралық жарияланымдарды сараптауға белсенді қатысады және табиғи қосылыстар химиясы саласындағы ғылыми қауымдастықтың дамуына үлес қосып келеді.

Халықаралық ынтымақтастық

Зерттеу төмендегі ғалымдармен бірлесіп жүргізілді:

  • академик П.Г. Горовой (Владивосток, Ресей ҒА Қиыр Шығыс бөлімшесі) — әлемдегі жалғыз академик-ботаник,
  • профессор Замир А. Росс (University of Mississippi, Оксфорд, АҚШ).

Профессор Сүлеймен Е.М. академик П.Г. Горовоймен 2009 жылдан бері ынтымақтастықта. Peucedanum coreanum өсімдігінің үлгілері Қиыр Шығыс Ресей аумағынан дәл осы академик тарапынан ұсынылған.

Профессор З.А. Росс (University of Mississippi, USA) профессор Сүлеймен Е.М.-нің ұзақ жылдар бойғы ғылыми серіктесі болып табылады; 2012 жылы профессор Сүлеймен Е.М. оның жетекшілігімен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

1 (2).png

Академик Горовой П.Г.

1 (1).png

Замир Росс профессормен бірге

Бірінші мақала: Peucedanum coreanum

Жұмыста эфир майының химиялық құрамы газды хромато-масс-спектрометрия (GC-MS) әдісімен зерттелді.

Негізгі компоненттер: спатуленол (12,1%), лимонен (11,7%), сабинен (10,1%), геранил ацетат (9,1%), E-неролидол (7,3%).

Сондай-ақ биологиялық белсенділігі, оның ішінде антимикробтық, безгекке қарсы және цитотоксикалық әсері зерттелді. Artemia salina тестінде айқын цитотоксикалық белсенділік анықталды.

Екінші мақала: Tripolium pannonicum:

Екінші жарияланым академик П.Г. Горовоймен бірлесіп дайындалды және евразиялық галофиттік өсімдік - Tripolium pannonicum эфир майын зерттеуге арналған.

GC-MS әдісімен эфир майының химиялық құрамы алғаш рет анықталды. Негізгі компоненттер: α-пинен (20,8%), β-пинен (8,6%), миристицин (4,4%), лимонен (4,2%).

Сондай-ақ антирадикалдық белсенділігі мен уыттылығы зерттелді. Эфир майының төмен уыттылығы және әлсіз антирадикалдық белсенділігі анықталды.

Практикалық маңызы Жарияланған зерттеулер аз зерттелген Қиыр Шығыс өсімдіктерінің эфир майларының құрамы мен биологиялық белсенділігі жөніндегі білімді кеңейтеді, Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтады және ҚазҰТБ-ның табиғи қосылыстар химиясы саласындағы ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Қазіргі уақытта профессор Сүлеймен Е.М. Қазақстан өсімдіктерінің эфир майларын (Бурабай эфир майлары) пайдалана отырып бірқатар профилактикалық емдік майларды әзірледі, соның ішінде “Stop Короновирус!” майы бар. Университет зертханасында эфир майларын алуға арналған жартылай өнеркәсіптік қондырғы жұмыс істейді.

1 (3).png

“Stop Короновирус!” жақпа майы

1 (4).png

Эфир майын алынатын жартылай өндірістік қондырғысы

Университет ұжымы авторларды жарияланымдарымен құттықтап, алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктерге, халықаралық жобаларға және рейтингі жоғары журналдардағы жарияланымдарға жетулеріне тілектестік білдіреді!

Peucedanum coreanum

Tripolium pannonicum