Үстелді орнату бойынша қонақ-дәріс.

2025 жылғы 25 қыркүйекте АҚ Қ. Құлажанова атындағы "Қазақ технология және бизнес университетінің акт залында, «Үстелді орнату және асхана гардеробының стилі» атты тақырыбында қонақ- дәріс (мастер-класс) өтті.

Іс-шараның модераторы, "Туризм және сервис" кафедрасының сеньор-лекторы-Рахметова Сандуғаш Рахметқызы.

Арнайы шақырылған қонақ - үстелді жаю бойынша сарапшы және асхана гардеробының стилисті - Наргиз Қазымова.

Наргиз Қазымова 2017 жылдан бастап және осы уақыт ішінде көптеген жарқын жобаларды жүзеге асырды.

Атап айтатын болсақ:

- "Аккорд" компаниясы үшін ыдыс-аяқ дизайнын әзірлеу;

- арнайы техникалық тапсырма бойынша Түркияның бірінші ханымына қызмет көрсетуді дайындау;

- Қазақстандағы дастархан жаю бойынша авторлық курс жазған алғашқы маман иесі;

- саланы дамытуға қосқан үлесі үшін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" наградасына ие болған маманның бірі ретінде танылады.

"Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған мастер-класс шеңберінде қызмет көрсету мәдениетіне заманауи тәсілдер және асхана гардеробының стилистикасының жаңа бағыты ұсынылды.

Іс-шара жылы және шығармашылық атмосферада өтті, үлкен қызығушылық тудырды және тәжірибеге бағытталған оқытуды дамытудағы маңызды қадам болды.