Студенттердің робототехника, дрон, киберспорт және IT бағыттары бойынша Республикалық чемпионатта жеңісі

2026 жылдың 7-8 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында 1-11(12) сынып оқушылары, колледж және университет студенттеріне арналған робототехника, дрон, киберспорт және IT бағыттары бойынша кең ауқымды республикалық «Astana Tech Cup» чемпионаты өтті.

«КазУТБ» командасын «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1, 2, 3 курс студенттері құрады: Мусахмет Даниял (ИС-231 со тобы), Жалмағамбетов Дамир (ИС-242/3 со тобы), Қожахмет Әділет (ИС-252/2 со тобы), Қайрат Ануарбек (ИС-241/3 тобы), Әбдумәлік Шерхан (ИС-241/3 тобы). Команда «Fibonacci International Robot Olympiad» санатына қатысты.

Біздің студенттерімз университетті абыроймен таныстырып, «FootBot Lego League.Univer» және «FootBot mBot League.Univer» санаттарында жеңіп, 1-және 2-орындарды иеленді.

Команданың жұмысы креативтілігі мен инновациялық тәсілі үшін сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Жобаны ғылыми-техникалық қолдау мен жетілдірудің барлық кезеңдерінде студенттерге сүйемелдеуді қамтамасыз еткен, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Беккожина Жанаргүл Амангелдиқызы жетекшілік етті.

Бұл табыс біздің студенттеріміздің жоғары деңгейдегі дайындығын және заманауи сандық шешімдерді дамытуға үлес қосуға дайындығын растайды. Жігіттерді құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістерге жетуге тілектеспіз!