2025 жылыдың 26 қараша күні «Технология және стандарттау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тағамтанушылар күні» мерекесіне орай АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ЖӘРМЕҢКЕСІ өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыру, тағам өндірісі саласындағы шығармашылық белсенділігін дамыту, технологиялық білімдерін тәжірибеде қолдану, сондай-ақ отандық өнімдерді насихаттау және салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру болды.
Жәрмеңкеге кафедраның түрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттері өз қолдарымен дайындалаған тәтті тағамдар, әртүрлі выпечкалар, торттар, печеньелер, бәліштер, самса, құймақтар, десерттер және сусындар әкеліп, қатысушыларға ұсынды. Әрбір өнім санитарлық талаптарға сай дайындалып, эстетикалық безендірілуімен ерекшеленді.
Жәрмеңке барысында университеттің студенттері мен оқытушылары өздеріне ұнаған тағамдардан дәм татып, студенттердің шеберлігін жоғары бағалады. Студенттер өз өнімдерін таныстырып, олардың құрамын, калориялылығын, дайындау технологиясын түсіндіріп, тұтынушылармен кері байланыс орнатты. Бұл өз кезегінде болашақ мамандардың коммуникациялық дағдыларын, қызмет көрсету мәдениетін дамытуға ықпал етті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, университет ұжымының белсенді қатысуымен өтті. Жәрмеңке қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тағам өндірісі саласына қызығушылығын нығайтуға мүмкіндік берді.
«Технология және стандарттау» кафедрасы алдағы уақытта да осындай тағам мәдениетін дәріптейтін, студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.