2025 жылғы 17 желтоқсанда Түрікмен ауыл шаруашылығы университеті ұйымдастырған «Аграрлық сектордың орнықты дамуындағы биотехнологиялардың рөлі» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция ұйымдастырушыларының шақыруымен физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рыстыгулова Венера Ботабаевнаның жетекшілігімен «Нейрондық желілер негізінде өсімдіктердің жай-күйін мониторинг жасаудың және өнімділікті болжаудың интеллектуальды жүйесі» тақырыбы бойынша негізгі спикерлер «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Рамазанова Аяна және Қожахмет Әділет баяндама жасады.
Пленарлық отырыста баяндама жасауға шақыру – ұсынылған зерттеулердің жоғары ғылыми құндылығының, сондай-ақ біздің университеттің өсіп келе жатқан халықаралық танылуының айрықша құрметі мен айғағы.
Баяндама пленарлық сессия аясында ұсынылды, оған Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Үндістан, Армения, Пәкістан және Беларусь сияқты түрлі елдердің жетекші ғалымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды.
Пленарлық баяндамашылар ретінде маңызды халықаралық форумға қатысу университеттің ғылыми имиджін нығайтуға елеулі үлес қосады, студенттік зерттеулердің жоғары әлеуетін көрсетеді және әлемдік аренада академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.
Студенттерімізді және олардың ғылыми жетекшісін мазмұнды, жоғары деңгейлі баяндама жасауларымен құттықтаймыз және зерттеулерде одан әрі табыстар тілейміз!