КазУТБ в СМИ

Құттықтаймыз! 2024 жылдың 14-15 желтоқсанында Multi Racing Championship жарыстары өтті

Құттықтаймыз! 2024 жылдың 14-15 желтоқсанында Multi Racing Championship жарыстары өтті. Біздің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері «KYRANDAR» командасы кәсіпқой жарыста Multi-Drone Championship, ⚽️ Drone-Soccer категория бойынша жүлделі 3 орынға ие болды.

Бұл жетістік команданың барлық мүшелерінің (1 капитан, 2 қатысушы және 1 тәлімгер) үйлесімді жұмысы мен орасан зор еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Команда капитаны – Зұлпыхар Олжас (ИС-221/1 тобы);

Ұшқыш – Ғанимат Нұрхан (ИС-221/1 тобы);

Техникалық маман –Өмірхан Мақсат (ИС-241/3 тобы);

Ментор – «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Бекқожина Ж.А.

Құттықтаймыз және болашақта да табыс тілейміз!✨