КазУТБ в СМИ

ҚҰТТЫҚТАУ

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің "Технология және стандарттау" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Гүлмира Есіркепқызына

Құрметті Гүлмира Есіркепқызы!

Сізді 60 жасқа толған мерейтойыңызбен Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің өмір жолыңыз — білім мен ғылым саласына сіңірген өлшеусіз еңбектің, адалдық пен табандылықтың, шынайы ұстаздық пен ғылыми жетекшіліктің жарқын үлгісі. Көпжылдық қызметіңізде талай шәкірт тәрбиелеп, ғылыми ізденістеріңізбен отандық білім мен технология саласының дамуына елеулі үлес қостыңыз.

Осы айтулы мерейтойыңыз қарсаңында университетіміздің дамуына қосқан зор еңбегіңіз ескеріліп, Сізге Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті басшылығы атынан «Алтын медаль» табысталды. Бұл марапат — Сіздің кәсіби біліктілігіңіздің, ғылым мен білімге деген адал көзқарасыңыздың және ұжым арасында жоғары беделіңіздің айқын дәлелі.

"Технология және стандарттау" кафедрасының атынан да Сізге алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, отбасы амандығы, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт пен жаңа ғылыми табыстар тілейміз! Ұлағатты ұстаз, беделді ғалым ретінде Сіздің еңбегіңіз кейінгі жас буынға әрдайым үлгі бола берсін!

Ізгі тілекпен,

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің басшылығы мен "Технология және стандарттау" кафедрасының ұжымы