PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мамытова Нұргүл Сағиевна және PhD докторы, ассистент-профессор Муканова Куралай Айтжановна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «500 ғалымның тағылымдамасы» бағдарламасы аясында «Экология» мамандығы бойынша 6 айлық ғылыми-зерттеу тағылымдамасын сәтті аяқтады.
2025 жылдың 1 шілдесінен 23 желтоқсанына дейін Humboldt University of Berlin (Германия Федеративтік Республикасы) "Жасыл технологиялар және тұрақты даму"тақырыбында ғылыми-зерттеу тағылымдамасы өтті.
Тағылымдама барысында ЖЭК, Smart Grid, энергетикалық секторды трансформациялау (декарбонизация, орталықсыздандыру, материалсыздандыру) және ESG-инвестициялау саласындағы заманауи тәсілдер зерделенді. Алынған тәжірибе университеттің ғылыми және білім беру қызметінде пайдаланылатын болады.