Табиғи қосылыстар химиясы және фармацевтика бойынша ПЦФ зертханалар кешенінің ғылыми қызметкерлері профессор, PhD Сүлеймен Е.М., ж.ғ.қ., PhD Биримжанова Д.А., а.ғ.қ. Нұрымов Ж.Д., к.ғ.қ. Қурбаналиева Д.М. және Жадраева К.С. 2025 жылғы 23-25 қазан аралығында «5th International Conference on Natural Products and Human Health» және «8th International Conference for Innovation and Development of Biomedicine and Chinese Medicine», Чанша (Хунань провинциясы, Қытай Халық Республикасы) қаласында өткен, конференцияға қатысты.
Конференцияға қатысу АР19679527 «Ақмола облысының қыналар саңырауқұлақтарынан антибиотиктерді бөлу, құрылымын және ісікке қарсы белсенділігін белгілеу» және BR24992761 «Медициналық және ветеринариялық қолдану үшін отандық бәсекеге қабілетті және қауіпсіз фитопрепараттардың жаңа көздерін іздеу» гранттары шеңберінде қаржыландырылды.
Ғылыми қызметкерлер конференцияда келесі баяндамалармен сөз сөйледі:
-
Сүлеймен Е.М., Нурымов Ж.Д. – Isolation and Structural Identification of Flavonoids from Achillea salicifolia Besser with High Antioxidant Activity;
-
Биримжанова Д.А. – Isolation of Biologically Active Compounds from Artemisia vulgaris Roots;
-
Қурбаналиева Д.М. – Isolation and Determination of the Biological Activity of Mortierella turficola Fungus from Leplarii jackii;
-
Жадраева К.С. – Isolation of Biologically Active Compounds from Achillea nobilis L. Roots and Above-Ground Part.
Конференцияның ұйымдастырушылары университет аумағында және соның ішіндегі заманауи жабдықтары бар зертханаларда экскурсия өткізді.
Профессор, PhD Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы постер сессиясында ғылыми баяндамаларды бағалау жөніндегі комиссия құрамына қатысты.
Конференцияға қатысу біздің ғылыми қызметкерлерімізге халықаралық байланыстар орнатуға және өз зерттеулерінің нәтижелерін шетелде ұсынуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ тамаша жаңалықты хабарлаймыз: 2025 жылғы 28 қазанда ICNPHH ұйымдастыру комитеті Қазақстанда 2030 жылы өтетін Conference on Natural Products and Human Health (ICNPHH-10) 10-шы халықаралық конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады.
Біздің командаға Жібек жолы елдерінің атынан осы халықаралық іс-шараны ұйымдастыру құрметіне ие болды! Бұл Қазақстан үшін үлкен сенім мен мүмкіндік!