Home / Жаңалықтар / Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы» (САААЕ) өткізген халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Университет ұжымына білім беру мен ғылым саласында одан әрі табысты еңбек, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!

2025 жылғы 2–4 желтоқсан аралығында біздің Университет халықаралық институционалдық және 7 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, білім беру қызметінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растады.

САААЕ Аккредиттеу кеңесінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес халықаралық институционалдық және төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеу туралы Куәлік берілді:

  • - 6B07119 Машина жасау және жабдықтар (салалар бойынша) — толық мерзімге (5 жыл);
  • - 6B07232 Fashion индустриясы: технология және құрастыру — толық мерзімге (5 жыл);
  • - 6B07133 Цифрлық энергетика — толық мерзімге (3 жыл);
  • - 7M07239 Тағам өнімдерінің технологиясы (салалар бойынша) — толық мерзімге (5 жыл);
  • - 7M07241 Азық-түлік қауіпсіздігі — толық мерзімге (5 жыл);
  • - 7M07242 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру — толық мерзімге (5 жыл);
  • - 7M04146 Қаржы — толық мерзімге (3 жыл).

Снимок экрана 2025-12-31 130223.jpg