Home / Хабарландыру / Құрметті студенттер, оқытушылар және мектеп түлектері!

Құрметті студенттер, оқытушылар және мектеп түлектері!

Ертең, 6 мамыр 2020 жылы, Қазақ технология және бизнес университетінің Youtube-арнасында тікелей эфирде Ашық есік күні өтеді! Бізге қашықтық кедергі емес, әлемнің кез келген жерінен қосылуға болады, себебі біз сандық технологиялар дәуірінде өмір сүреміз. Сондықтан университеттің Youtube-арнасына жазылуға асық және тікелей эфирге уақытында қосылуды ұмытпа.

Тікелей эфир кезінде Сіз:

  • қабылдау комиссиясы мен факультет өкілдерімен кездесе аласыз;
  • сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықты таңдауда көмек ала аласыз;
  • университеттің материалдық базасы және зертханаларымен таныса аласыз.

Кездесу күні мен уақыты: 6 мамыр 2020 жыл сағат 11: 00

Кездесу орны: Қазақ технология және бизнес университетінің Youtube-арнасы https://www.youtube.com/watch?v=IBkRoO81a8A&feature=youtu.be

Ең үздігін таңдап, ҚазТБУ-ға оқуға кел!