«Bilim-örkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен түркі халықтары арасында мәдени-рухани байланыс орнату мақсатында өткен «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық форумға қатысып, жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін І дәрежелі диплом иегері атанған «6В07525 – Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Зейнелғабылова Еңлік Манарбекқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Факультеттің ғылыми, мәдени және әлеуметтік-қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білген студентіміз Зейнелғабылова Еңлікке шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз.
Сонымен қатар студенттің жетекшісі Аубакирова Альфия Қабыловнаға көрсеткен қолдауы мен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!
