Технологиялық факультет командасы халықаралық TİKA (Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі) ұйымымен кездесу өткізіп, креативті индустрия мен тағам технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын талқылады. Бұл бастама бауырлас екі ел арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, технологиялық егемендікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Біздің мақсатымыз: білім алушыларымыз бен оқытушыларымызға әлемдік деңгейдегі тәжірибе мен заманауи технологияларды қолжетімді ету. Өнер мен технология тоғысқан жерде нағыз инновация жүзеге асады. Кездесуге Технологиялық факультет деканы Сафуани Жанар Есенқұлқызы, кафедра меңгерушісі Байжанова Жазира Болатбековна, ассистент-профессор Асилов Абдимомын Манапұлы және сеньор-лектор Бекзат Айкүміс Бөріханқызы қатысып, жобаның ғылыми-тәжірибелік негіздерін талқылады. Халықаралық серіктестік сапалы білім мен жаһандық жобалардың бастауы. Болашақты бірге жоспарлаймыз!