Жұмыс берушілермен онлайн-кездесу

2025 жылғы 16 қазанда «Қаржы және есеп» кафедрасы жұмыс берушілермен онлайн-кездесу өткізді. Іс-шара барысында «Қаржы», «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері талқыланды. Жұмыс берушілер пәндердің мазмұнын жетілдіру, оқытудың практикалық бағытын күшейту және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу конструктивті атмосферада өтті және университет пен бизнес қауымдастық өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам болды.