Дігарбаева Баян Молдажанқызы
оқу бөлімінің жетекшісі
Адильханова Арай Еркиновна
оқу бөлімінің жетекші маманы
E-mail: arai.adilkhanova8@gmail.com
Оқу бөлімінің мақсаты
Оқу бөлімінің қызметінің мақсаты – оқу үдерісін тиімді басқару және оны үздіксіз жетілдіру. Бұл мақсатқа білім беру үдерісінің нәтижелілігі мен білім алушылардың даярлығының сапасын арттыруға бағытталған заманауи прогрессивті технологиялар мен құралдарды енгізу арқылы қол жеткізіледі.
Оқу бөлімінің негізгі міндеттері:
- Университеттегі оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру;
- Факультеттер мен кафедралардың оқу қызметін үйлестіру;
- Білім беру қызметін нормативтік және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету;
- Оқу үдерісінің орындалуын бақылау.
Оқу бөлімінің функциялары
Өзінің жүктелген міндеттеріне сәйкес оқу бөлімі келесі функцияларды орындайды:
- Бакалавриат білім беру бағдарламасының оқу жылына арналған жұмыс оқу бағдарламасын қалыптастыру;
- Академиялық күнтізбе мен оқу кестесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
- Профессорлық-оқытушылық құрамның (ПОҚ) оқу жылына арналған педагогикалық жүктемесін есептеу материалдарын бекітуге дайындау;
- ПОҚ штаттық санының динамикасын есепке алу және жедел реттеу;
- ПОҚ-ның педагогикалық жүктемесінің жеке жоспарларға сәйкес орындалуын бақылау;
- ПОҚ тарапынан барлық оқу сабақтарының бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізілуін бақылау;
- Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
- «Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ даму жөніндегі перспективалық жоспарларына арналған ұсынымдарды әзірлеу;
- Оқу құжаттамасын Қазақстан Республикасының және «Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру және белгіленген нормалардың сақталуын бақылау;
- «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясының құрамын және бакалавриат білім беру бағдарламасы білім алушыларының қорытынды аттестациясы үшін аттестациялық комиссияларды бекіту туралы бұйрық жобаларын дайындау;
- Рецензенттер тізімін бекіту туралы бұйрық жобаларын дайындау;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының оқу жұмыс жоспарларында пәндерді бекіту туралы бұйрық жобаларын дайындау.