Қазақ технология және бизнес университетінде 2023 жылдың 28 сәуірінде ЖОО түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету, жас мамандар үшін қызықты, перспективалы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, жұмыс берушілердің жаңа кадрларды іріктеуі мақсатында "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі-2023" өткізілді.
Бос орындар жәрмеңкесіне ҚазТБУ барлық білім беру бағдарламаларының студенттері мен түлектері, сондай-ақ Астана қаласы мен өңірдің кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің басшылары қатысты.
Жәрмеңкеге қатысушыларға ҚазТБУ Президент-ректоры, профессор Байбеков Сейдикасым Ниязбекұлы құттықтау сөз арнады.
Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Әмірхан Жақсылықұлы Құлахметов Университет түлектерін "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және тағы сол секілді жас қазақстандықтарды жұмысқа орналастырудың мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен таныстырды.
Жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін өз сөздерінде ЖОО-ның басты әріптестері де, жұмыс берушілер де қозғады. Олардың арасында:
- Есилов Асылхан Боранбаевич - «Туристік Қамқор» КҚ директоры
- Мухамеджан Эльмира Ермеккызы – «Оушен Баскет» мейрамханасының директоры
- Жыланбаева Райхан Айтеновна – «EC-lab» ЖШС директоры
- Тлеубаева Арайлым Орынбаевна - «Techlab Digital Solutions» ЖШС директоры.
ҚазТБУ түлектері де ұйымдардағы бастапқы жұмыс тәжірибесінен алған әсерлерімен бөлісті:
- «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлегі - Оспанова Гульназ.
- «Экология» білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлегі - Калимуллина Амина Маратовна
Түлектер қатысып отырған бітіруші курс студенттеріне теориялық білімдерін практикада белсенді түрде бекітуге, өз дағдылары мен құзыреттерін ұдайы жетілдіруге, қажетті тағылымдамадан өтуге кеңес берді. Бұл қазіргі еңбек нарығына сәтті бейімделуге мүмкіндік береді.
Түлектерімізге кәсіби өсуді мен тамаша мансаптарға жетуді тілейміз!