"Тілеу-Қабақ" әлеуметтік бастамалар және қолдау қоры" 2021 жылғы 21 наурыз-25 мамыр күндері 14-20 жас аралығындағы жас ақындар арасында Сансызбай Құттыбайұлының поэзиясына арналған мүшәйра өткізетінін хабарлайды. Байқаудың негізгі мақсаты – жастарды өз еліне, туған жеріне, қазақ халқына деген патриоттық сезімге баулу, сондай-ақ жас ақындардың поэзиясы арқылы қазақ тілінің байлығы, көркемдігі мен тереңдігіне қоғамның назарын аудару.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады, ал байқау нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сансызбай Құтғыбайұлының шығармашылығымен ... сайтынан танысуға болады Һttps://santore.kz