Әскери кафедрада оқығысы келетін «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ (ұлдар және қыздар) назарына хабарлаймыз!
Әскери кафедрада оқыту үшін жыл сайынғы студенттерді іріктеу басталады. Конкурсқа қатысуға ЖЖООКБ-да күндізгі оқу нысаны мерзіміне әскери есепке Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген (тек ұлдарға) Қазақстан Республикасының азаматы қатысады.
Запастағы даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен құжаттар қабылданады.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент, нысан бойынша өтініш және міндеттеме толтырады.
Медициналық куәландарудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі (7 нысан). Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Медициналық куәландарудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау «Қазақ технология және бизнес университеті» 2021 жылғы 01 ақпаннан бастап Қайым Мұхаметханов көшесі, 37А, №505/2 кабинетте өтеді. Байланыс телефоны: 87076669314
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізбесі
-
Өтініш.
-
Жеке куәлік (түп нұсқасы мен көшірмесі).
-
Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түп нұсқасы мен көшірмесі).
-
Көлемі 3х4 см фотосурет.
-
Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтма.
-
Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
-
Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
-
Барлық құжаттар папкаға тігіледі.
Ескерту:
-
Студенттерді әскери даярлау әскери кафедрада оқытысушының жетекшілігімен «әскери күн» әдісімен ұйымдастырылады (аптасына бір рет).
-
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған және бітіру емтихандарын тапсырған студенттер ЖЖООКБ-ны бітіргеннен кейін «запастағы лейтенант» әскери атағын беруге ұсынылады.
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ