Home / Жаңалықтар / Зертханадан ынтымақтастыққа: ғылыми іссапарлар жаңа бірлескен зерттеулерге апарар жол ретінде

Зертханадан ынтымақтастыққа: ғылыми іссапарлар жаңа бірлескен зерттеулерге апарар жол ретінде

2025 жылғы 22-25 желтоқсан аралығында БНҚ BR249927761 «Медициналық және ветеринарлық қолдану үшін отандық бәсекеге қабілетті және қауіпсіз фитопрепараттардың жаңа көздердін іздеу, олардың химиялық қасиеттері мен биологиялық белсенділігін зерттеу» жобасы аясында ынтымақтастықты жолға қою және тәжірибе алмасу мақсатында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің табиғи қосылыстар химиясы және фармацевтика бағыты бойынша БНҚ зертханалар кешенінің ғылыми қызметкерлері х.ғ.к., PhD, профессор Сүлеймен Ерлан Мэлсұлының жетекшілігімен 10 адамнан құралған құрамда Алматы қаласына химия табиғи қосылыстар, фармацевтика және фитохимия салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарына ғылыми-танымдық іссапар жасады.

23 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу орталығына PhD, профессор Жеңіс Жанардың жетекшілігімен жұмыс істейтін орталыққа бару жүзеге асырылды. Орталықта өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнімдер өндіруге арналған шағын тоннажды өндіріс ұйымдастырылған. Сонымен қатар, орталық экстракция жүргізуге, өсімдік шикізатын ұнтақтауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен, сондай-ақ дайын экстракт алу бойынша толық технологиялық желімен жабдықталған.

Алдымен Орталық директоры Жанар Жеңіс орталықтың қызметі туралы баяндап, мұнда вирусқа қарсы биологиялық белсенді қоспалар, иммунитетті қолдауға арналған БАД-тар, әйелдер денсаулығын қолдайтын өнімдер, бауыр қызметін жақсартуға арналған қоспалар, сондай-ақ иммунитетті көтеруге, қант диабеті, артериялық қысым кезінде және асқазан-ішек жүйесінің жұмысын жақсартуға арналған фитошайлар өндірілетінін атап өтті.

Одан кейін өндірістік цехқа экскурсия ұйымдастырылып, ғылыми қызметкерлер дәрілік препараттар мен БАД-тарды әзірлеудің толық циклімен және өндіріс үдерісімен танысты.

Сондай-ақ профессорлар Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы мен Жеңіс Жанар болашақтағы бірлескен ғылыми жұмыстар мен ғылыми конференциялар өткізу мәселелерін талқылады. Кездесу соңында профессор Жанар Жеңіс қонақтарды фитошаймен қонақ етіп, орталық өнімдерін естелік ретінде табыс етті.

1.jpg

23 желтоқсанда сондай-ақ С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Ғылыми-технологиялық паркіне бару жүзеге асырылды. Іссапар аясында Фармация және фармакология орталығы таныстырылды, онда орталықтың жетекшісі Ибрагимова Лилия Николаевна қонақтарды зертханалармен және заманауи жабдықтармен таныстырды. Сонымен қатар, химия және фармакогнозия бойынша ғылыми-практикалық бақылау-талдау зертханасының жетекшісі, профессор Мыңбаев Бақтияр Ордабекұлымен кездесу өтті, ол профессор Сүлеймен Е. М.-ке өзінің монографиясын табыс етті. Сондай-ақ Б. Атчабаров атындағы Фундаменталды және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының «Ұжымдық пайдалану орталығы» ғылыми зертханасына бару ұйымдастырылып, онда молекулалық генетика саласындағы озық әдістер мен технологиялар көрсетілді. Бұдан бөлек, ғылыми қызметкерлерді С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Сакипова Зуриядда Бектемирқызы қабылдап, Фармация мектебінің жетістіктерін таныстырып, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетімен болашақ ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопеясын әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының өкілі ретінде университет қызметкерлеріне Фармакопеяның бірінші томын табыс етті.

2.jpg

24 желтоқсанда ЖШС «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы) – адамдар мен жануарлар денсаулығын сақтауға арналған инновациялық биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу және өндіруге маманданған қазақстандық компанияға, в.ғ.д., профессор Ахметсадықов Нұрлан Нұролдинұлы жетекшілігімен ғылыми-таныстыру сапары ұйымдастырылды; ресми танысу және презентациялар барысында жүзеге асырылып жатқан және аяқталған жобалар (ГҚ және НБҚ қоса алғанда) таныстырылып, негізгі зертханаларға (физика-химиялық зерттеу әдістері, биотехнология, молекулалық биология, микробиология, иммунобиотехнология және сапаны бақылау) экскурсия жасалынды, олар заманауи аналитикалық және микробиологиялық жабдықтармен жарақтандырылған, бұл мамандандырылған ғылыми жұмыстармен, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасымен танысуға және одан әрі ғылыми ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

3.jpg

Сондай-ақ, 24 желтоқсанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне (Satbayev University, Алматы қаласы) сапар ұйымдастырылды. Экскурсияны Химиялық және биологиялық технологиялар институтының инженерлік зертханасының меңгерушісі, институт директорының орынбасары, PhD, профессор Азат Сейтхан жүргізді. Қатысушылар университеттің кафедралары мен заманауи жабдықталған зертханаларымен танысты, инженерлік әзірлемелердің интерактивті мұражайына, тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаға, білім беру жобасы аясындағы Hyundai Ioniq 5 инновациялық электромобилі орналасқан шоу-румға, «Technopolis Politech» технопаркіне барды. Сонымен қатар, олар О.А. Байкөнов атындағы Тау-металлургия институтында сейсмикалық белсенді аймақтарда қауіпсіздікті арттыруға арналған, өте берік электротехникалық болаттан жасалған бірегей өткізбейтін құрылымның көрмесін қарады.

4.jpg

24 желтоқсанда сапар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің наноматериалдар және функционалды материалдар жасау саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған Физика-химиялық зерттеулер және талдау орталығы қаралды; кездесуді PhD, сорбциялық және каталитикалық процестер зертханасының меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер Токпаев Рустам Ришатович өткізді, ол композициялық материалдар, биосфера экологиясы, электрохимиялық өндірістер технологиялары, металдар талдауы, бейорганикалық материалтану, радиациялық экология, органикалық синтез және дәрілік заттар химиясы, сондай-ақ мұнай аналитикалық химиясы зертханаларына, заманауи аналитикалық және технологиялық жабдықтармен (хроматографиялық және спектроскопиялық жүйелер, электрохимиялық қондырғылар, сорбциялық және каталитикалық реакторлар, физика-химиялық талдау құралдары) жабдықталған экскурсияны ұйымдастырды; Орталықтың докторанттары жабдықтың құрылымы, зерттеу әдістемелері және орындалған ғылыми жұмыстар, соның ішінде құнды және сирек металдарды өндіру кезінде қажетті компоненттерді концентрлеу үшін су құбырларын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың газ шығарындыларын тазартатын көмір-минералды сорбенттерді шағын тоннажда өндіру технологияларын әзірлеу бойынша жұмыстар туралы егжей-тегжейлі және қызығушылықпен айтып, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Кездесу барысында жетекшілер Орталықтың заманауи жоғары дәлдікті жабдығында аналитикалық зерттеулер мен эксперименттік жұмыстарды орындауды қоса алғанда, одан әрі бірлескен ғылыми жұмыстардың перспективаларын талқылады.

5.jpg

6.jpg

25 желтоқсанда Ә.Б. Бектуров атындағы Химия ғылымдары институты (Алматы қ.) қаралды. Институт бойынша экскурсияны Бас директордың бірінші орынбасасы Қадырбеков Қайрат Әдірбекұлы мен бас ғылыми хатшы Малмақова Айгүл Ербосынқызы жүргізді; институттың бас директоры - Тасибеков Хайдар Сүлейманұлы.

К. Қулажанов атындағы ҚазТБУ Жаратылыс қосылыстары химиясы және фармацевтика саласындағы БНҚ зертханалар кешенінің ғылық тобымен болған кездесу барысында институт пен университеттің ғылыми зерттеу нәтижелері таныстырылды. Синтетикалық және жасыл дәрілік заттар химиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, х.ғ.д., профессор Каюкова Людмила Александровна, туберкулезге қарсы белсенділігі бар қосылыстарды қоса алғанда, азотқа бай карбонилді қосылыстардың туындыларын синтездеу бойынша баяндама жасады. Ғылыми топтың жетекшісі Сүлеймен Е.М. жаратылыс қосылыстары мен фитопрепараттардың химиялық құрылымы мен биологиялық белсенділігін зерттеуге арналған ГҚ және БНҚ жобалары аясында жүргізілетін зерттеулерді ұсынды.

Институт бірқатар мамандандырылған зертханаларды қамтиды, оларға ион алмастырғыш шайырлар мен мембраналар, тыңайтқыштар мен тұздар химиясы, дәрілік заттар химиясы, физика-химиялық талдау әдістері, мұнай химиясы, бейорганикалық синтез, полимерлік химия және физиологиялық белсенді қосылыстар бойынша зертханалар жатады. Сапардың қорытынды бөлігінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, х.ғ.д., профессор Ю Валентина Константиновна басқаратын синтетикалық және жасыл дәрілік заттар химиясы зертханасына экскурсия ұйымдастырылды. Бұл зертханада жаңа азогетероциклдік жүйелерді органикалық синтездеу мен молекулалық дизайндау, сондай-ақ отандық дәрілік препараттар жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Институт ғимаратында әр түрлі жылдары Қазақстандағы биохимия ғылымының негізін қалаған, көрнекті химик-ғалым, ҚазКСР ҒА академигі (1946) Михаил Иванович Горяев (1904-1981) жұмыс істеген. Сапар барысында қатысушыларға оның ғылыми мұраның бір бөлігі ретінде мұқият сақталған кабинеті мен зертханасын қарау мүмкіндігі берілді. Бұл отандық химия мен биохимияның қалыптасу тарихына танысуға мүмкіндік беріп, институттың ғылық дәстүрлерінің сабақтастығын айқын көрсетті.

7.jpg