Бірінші курс студенттері арманындағы жоғары оқу орнына түскеннен кейін нені асыға күтеді? Әрине, дәстүрлі студенттерді қабылдау рәсімін. Кешегі мектеп түлегі жауапкершілігі мен қызығы мол жаңа шаққа – студенттік өмірге қадам басады.
Осы жылдың ең жарқын оқиғасын жіберіп алмаңыз! Сіздер үшін біз құпияның шымылдығын ашып, осындай мерекеге орай университетіміздің белсенділері ұйымдастырған концерттің түсірілімімен (backstage) бөлісуді жөн көрдік.
04.11.2020 сағат 19:00-де университеттің барлық ресми интернет-ресурстарынан тамашалай аласыздар (сайт, Instagram, Youtube арнасы).