Home / Жаңалықтар / БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ: ҚазТБУ-да «ЖӨТ және Дизайн» кафедрасының апталығы – Экология, технология және халықаралық серіктестік синергиясы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ: ҚазТБУ-да «ЖӨТ және Дизайн» кафедрасының апталығы – Экология, технология және халықаралық серіктестік синергиясы

2026 жылдың 2-6 наурыз аралығында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде «ECO-SYNERGY: ҚазТБУ-дағы болашақ дизайны» ұранымен «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының дәстүрлі апталығы өтуде.

Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тұрақты даму принциптерін (ESG) енгізуге және жастардың әлеуетін іске асыру үшін жоғары технологиялық платформа құруға бағытталған.

ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ:
І КҮН (2 наурыз): DIPLOMATIC & HERITAGE DAY

  • Салтанатты ашылу: Рәсімге Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Саят Бердіғалиұлы, Технологиялық факультет деканы Жанар Есенқұлқызы Сафуани, Түрік Республикасының Консулы Эркин Өзтүрк, «Yunus Emre» институтының директоры Гүлмира Құралбайқызы, Еуразия дизайнерлер одағының президенті Е.С. Асылханов, «ZEKEN-MODA» брендінің негізін қалаушы Қ.З. Әбішев және Астана қаласы Әдістемелік орталығының бас маманы Жанар Бауыржанқызы қатысты.
  • Көрмелер: «Zero Waste Design» эко-көрмесінің және «СИНЕРГИЯ» (архитектура, графика, сән) ауқымды инсталляциясының ашылуы.
  • Ғылым және бизнес: Академик Е.С. Асылхановтың қонақ дәрісі және жұмыс берушілермен «Дизайн, ғылым және өндіріс триадасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
  • Fashion Performance: «Мұра және Футуризм» атты студенттік коллекциялар көрсетілімі.
  • Eco-Talk: Тұрақты даму және ESG сарапшысы Лаура Сейілбектің («Eurasian GHG Management» ЖШС) экологиялық стандарттар туралы дәрісі.

ІІ КҮН (3 наурыз): INNOVATION & SKILLS CHALLENGE

  • Талапкерлерге: Астана қаласы мектеп оқушыларына арналған «Сызу» пәні бойынша олимпиада.
  • Guest Talk: Дәулет Керейбаев (LikeKomek). Тақырыбы: «Әлеуметтік бизнес және апсайклинг».
  • «Sustainable Astana» Хакатоны: Студенттердің ведомствоаралық командалары «Болашақтың мобильді павильоны» тұжырымдамасын әзірлеуді бастады.
  • Воркшоптар: Сәулеттік скетчинг және коллаждық графика бойынша «Арт-синтез» шеберлік сыныптары.
  • Технологиялық воркшоп: «Тоқыма анатомиясы».
  • Түрік мүсіншісімен шығармашылық кездесу: Merva Köprülü Öztürk.

ІІІ КҮН (4 наурыз): FUTURE & SUCCESS DAY

  • Public Talk: «Өмір сыйлайтын 28 ілмек». Спикерлер: «28 петель Астана» филиалының өкілдері Гаухар Әбірбекова мен Романи Тахмина.
  • Дебат: «AI vs Дизайнер: болашақты кім құрады?».
  • Цифрлық дизайн: Эко-коллекциялар көрсетілімі, графиктердің видео-арты және архитекторлардың VR-презентациялары.
  • Gala Runway: Үздік дизайнерлік жұмыстардың қорытынды көрсетілімі.
  • Марапаттау: «Жыл креативі» және «Болашақ технологы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды ұлықтау.

IV КҮН (5 наурыз): ETHICS & TRADITION DAY

  • Философия: Кафедра профессорларының Жасанды интеллект дәуіріндегі жасаушы құндылықтары мен дизайн этикасы туралы панельдік дәрісі.
  • Сабақтастық: Құрметті профессор Р.С. Жақпаровамен «Ұрпақтар диалогы» кездесуі.

ДЕНЬ V (6 марта): REFLECTION & MEDIA DAY

  • Қорытынды: Көрмелердің финалдық демо-күні, Хакатон нәтижелерін талдау және апталық жетістіктері бойынша медиа-есеп дайындау.

Апталықтың миссиясы: Жаңа буын мамандарын даярлау үшін академиялық дәстүрлерді инновациялық эко-технологиялармен және халықаралық тәжірибемен ұштастыру.