Сіздерді Pre-Intermediate деңгейі бойынша жаңа топтың ашылуына байланысты ағылшын тілі курсына шақырамыз.
Жеделдете оқыту бағдарламасы Оксфорд басылымының оқулықтары бойынша жүргізіледі. Сабақтар ағылшын тілінде түсініп қабылдау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сөздік қорын байытуға бағытталады.
Курс аяқталғаннан кейін тілді меңгеру деңгейі көрсетілген сертификат беріледі.
Оқытушы – Бабжанова Гульнара Жетписбаевна.
Бабжанова Гульнара Жетписбаевна Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын ағылшын және неміс тілдері мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 26 жыл. Өзінің кәсіби қызметінде жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызметінен басқа көптеген мекемелер ұйымдарда ағылшын тілін оқыту тәжірибесін жинақтаған. Оқытушылық қызметінде үнемі жоғары нәтижелерге жетіп отырған.
Сабақтың басталу күні: 02.03.2020
Уақыты: Дүйсенбі – 16.00
Жұма – 16.00
Өткізілетін орны: 2/506 кабинеті