Жаңа аптаның басталуы 28 ақпанда Ақмола облысы, Қабанбай батыр кентіндегі орта білім беру мектебінде Қазақ технология және бизнес университетінің Кәсіптік бағдар беру қызметкерлері үшін басталды. Бұл кездесуге 9-11 сынып түлектері шақырылды. Диалог барысында бейне-роликтер көрсетілді, колледж бен ЖОО буклеттері таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, ҚазТБУ өкілдері болашақ талапкерлермен бірге естелік суретке түсті.