Шет елдерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде 3 студент жіберілді.
Мысалы, Малайзияның технологиялық университетінде республикалық бюджет есебінен Асқанқызы Еңбек - "Дизайн" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті және "Мұнай – газ ісі" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Сақтанбаев Бексұлтан білім алуда.
Сондай – ақ, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінде "Менеджмент" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Танашина Әлия білім алуда.
Студенттерімізге сәттілік тілейміз!