Кафедра

«Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасы

Кафедра «Өнер» бағыты, «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастыру саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Кафедраның білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП рейтингісінде көшбасшы бағдарламалардың қатарынан орын алады.

Байжанова Жазира Болатбековна техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Технологиялық факультет Кафедра факультеті
Байжанова Жазира Болатбековна

Байжанова Жазира Болатбековна

техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Тел:

+77078330977

Кабинеті:

3/307А

Кафедраның мақсаты

Негізгі мақсат — әртүрлі салаларда көркемдік-жобалау және дизайнерлік қызметті жүзеге асыра алатын, заманауи үрдістер мен технологияларды ескере отырып дизайн-жобаларды әзірлеп, іске асыратын, дизайн және жеңіл өнеркәсіп саласында цифрлық әрі инновациялық әдістерді қолдана білетін бәсекеге қабілетті, креативті және кәсіби тұрғыдан мобильді мамандарды даярлау. Сонымен қатар мұндай мамандар мода, дизайн және өндіріс индустриясындағы өзгерістерге бейімделіп, кәсіби этиканы сақтауы, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстаным танытуы қажет.

Кафедра тарихы

«Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасы дербес құрылымдық бөлімше және бітіруші кафедра ретінде 2003 жылдың қыркүйек айында құрылды. Кафедраның негізгі міндеті келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды даярлау болды: 5В072600 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялау; 5В042100 – Дизайн. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамын қалыптастыруда және оқу үдерісін ұйымдастыруда тәжірибелі аға оқытушы, кафедраның алғашқы меңгерушісі (2003–2006 жж.) Досмағанбетов Батыр Амантайұлының еңбегі ерекше.

Әр жылдары кафедраны базалық білімі мен ғылыми дәрежесі бар білікті мамандар басқарды:

2003–2007 оқу жылы – магистр, аға оқытушы, Қазақстан Дизайнерлер одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Досмағанбетов Батыр Амантайұлы.

2007–2008 оқу жылы – магистр, аға оқытушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Джусупова Ирина Маратовна.

2008–2009 оқу жылы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазанғап Төлеутай Махметұлы.

2009–2011 оқу жылы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрмұхамбетова Ботагөз Төлегенқызы.

2011–2012 оқу жылы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қожабергенова Қаламкүл Доктарбекқызы.

2012–2016 оқу жылы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрмұхамбетова Ботагөз Төлегенқызы.

2016–2017 оқу жылы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Боранқұлов Еркінбек Қағазбекұлы.

2017–2018 оқу жылы – магистр, аға оқытушы, Қазақстан Дизайнерлер одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Бекзат Айкүміс Бөріханқызы.

2018–2020 оқу жылы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрмұхамбетова Ботагөз Төлегенқызы.

2020–2021 оқу жылы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Умралиева Бэлла Илларидановна.

2021–2022 оқу жылы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрмұхамбетова Ботагөз Төлегенқызы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Байжанова Жазира Болатбекқызы.


Кафедра тұрақты түрде жоғары академиялық, ғылыми және шығармашылық көрсеткіштерді көрсетеді:

Қорытынды аттестацияның инновациялық форматы: Қорытынды біліктілік жұмыстарын қорғаудың үш икемді бағыт бойынша біріктірілген жүйесі енгізіліп, табысты іске асырылуда: дәстүрлі дипломдық жобалар, бизнес-бағдарланған стартап-жобалар және нақты өндірістің тікелей тапсырысы бойынша әзірленетін қолданбалы жобалар.

Республикалық деңгейдегі жетістіктер: Кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларда (РПО, соның ішінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы базасында) тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып, жас дизайнерлердің беделді халықаралық байқауларында жеңімпаз атанады.

Ғылыми-зерттеу әлеуеті (ҒЗЖ): Профессорлық-оқытушылық құрам халықаралық деректер базаларында (Scopus / Web of Science) монографиялар мен мақалалар жариялап, өнертабыстарға патенттер мен авторлық куәліктер алады, сондай-ақ заманауи жаппай ашық онлайн курстарды (МООК) әзірлейді, соның ішінде «Костюмдегі ұлттық стиль» атты бірегей пән бойынша.

Әлеуметтік жобалар: Кафедра базасында «Күміс университеті» бағдарламасы табысты жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында оқытушылар егде жастағы тыңдаушыларға арналған «Тоқу өнері» және «Киім дизайны және тігу» сияқты қарқынды практикалық курстар өткізеді.


Кафедра жетекші шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен және кәсіпорындармен тығыз академиялық және өндірістік байланыс орнатқан:

Шетелдік әріптестер: Поволжск мемлекеттік сервис университетімен (РФ), Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтымен (Өзбекстан), сондай-ақ Түркияның жетекші мамандандырылған институттарымен, соның ішінде Стамбұлдағы Beylerbeyi Olgunlaşma Institute және Анталиядағы Akdeniz University-мен белсенді ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Өнеркәсіптік әріптестер және практика базалары: Қазақстан Республикасының ірі отандық тігін фабрикалары, жетекші дизайн-студиялар, архитектуралық бюролар және брендинг агенттіктері дипломдық жобалар мен стартап бастамаларының тікелей тапсырыс берушілері болып табылады.

Біздің қызмет әдістеріміз бен басымдықтарымыз

Кафедраның білім беру қызметі білім алушылардың шығармашылық әлеуеті мен жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді оқыту жүйесін қалыптастыруға негізделген. Оқу сабақтарының сапасын және әдістемелік деңгейін үздіксіз арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Оқу процесі аясында білім беру пәндері кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етіледі, оның ішінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту, электрондық оқу-әдістемелік кешендерді құру, сондай-ақ дизайн және жеңіл өнеркәсіп технологиясы бойынша оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар дайындау жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім беру процесіне жобалық, практикалық-бағдарланған және цифрлық оқыту әдістері енгізіліп, дизайнерлік шешімдерді жобалау, модельдеу және визуализациялау үшін заманауи бағдарламалық құралдар белсенді қолданылады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы білім алушылардың зерттеушілік және жобалық қызметін дамытуға бағытталған. Білім алушылар ғылыми және шығармашылық жобаларға, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, дизайнерлік жұмыстар конкурстарына және шығармашылық көрмелерге қатысуға тартылады. Ғылыми қызметтің маңызды бағыттарының бірі дизайн, этнодизайн, тұрақты мода және жеңіл өнеркәсіптегі инновациялық технологиялардың өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс білім алушылардың көркемдік-эстетикалық және гуманистік құндылықтарын, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге құрметін, сондай-ақ кәсіби жауапкершілігі мен дизайнерлік этикасын қалыптастыруға бағытталған. Кафедра студенттердің шығармашылық бастамаларын, көрмелерге, сән көрсетілімдеріне және әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысуын қолдайды.

Профессорлық-оқытушылық құрамды дамыту үздіксіз кәсіби даму және өмір бойы білім алу қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Оқытушылар дизайн, цифрлық технологиялар және педагогикалық инновациялар саласында біліктілігін арттырып, отандық және халықаралық үздік білім беру тәжірибелерін зерттеп, енгізеді. Сонымен қатар жас оқытушыларға әдістемелік және кәсіби қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады.

Кафедраны дамыту оқытушылардың шығармашылық және ғылыми белсенділігін ынталандыруға жағдай жасау, оқу және жобалық зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ заманауи білім беру, зерттеу және цифрлық технологияларды енгізу үшін бюджеттен тыс қаражат тартумен байланысты. Бұдан бөлек, кафедра индустриялық серіктестермен, дизайнерлік студиялармен және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара байланысын кеңейтеді.

Бакалавриат

6В02100 Дизайн

Білім беру бағдарламасы сәулеттік, графикалық, цифрлық дизайн және сән дизайны салаларында заманауи әрі бәсекеге қабілетті дизайнерлік шешімдер жасай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама іргелі көркемдік дайындықты, заманауи цифрлық технологияларды және тәжірибеге бағытталған оқытуды үйлестіреді, бұл түлектерге креативті индустрияның түрлі салаларында табысты жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Оқу мерзімі: 4 жыл.

Берілетін біліктілік: «6В02100 Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша дизайн маманы.

6B07232 Сән индустриясы: технологиялары және құрастырылуы

Білім беру бағдарламасы заманауи сән индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама инновациялық материалдарды, цифрлық технологияларды және автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдана отырып, киімді жобалау, конструкциялау, модельдеу және дайындау технологиясы саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқу мерзімі: 3 жыл.

Берілетін біліктілік: «6B07232 Сән индустриясы: технологиялары және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры.

6B07224 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы

Білім беру бағдарламасы экономиканың инновациялық дамуы мен қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайында табысты қызмет ету үшін қажетті заманауи кәсіби құзыреттерге ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Оқу мерзімі: 4 жыл.

Берілетін біліктілік: «6B07224 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры.

Магистратура

7М07242 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Білім беру бағдарламасының мақсаты – тігін бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау саласында заманауи өндірістің қажеттіліктері мен сән индустриясының инновациялық дамуының жаһандық перспективаларына, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, сондай-ақ білім беру мекемелерінің талаптарына сәйкес келетін кәсіби және тұлғалық құзыреттері бар жоғары білікті магистрлерді даярлау.

Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.

Берілетін біліктілік: «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі.

Ғылыми-зерттеу жұмысы / Ғылыми қызмет

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты – цифрлық технологиялар, орнықты өндіріс, жаңа материалдар және ұлттық көркемдік дәстүрлер негізінде жеңіл өнеркәсіп бұйымдары үшін инновациялық технологиялар мен заманауи дизайн шешімдерін әзірлеу болып табылады.

Іске асырылып жатқан ғылыми жоба – «Тоқыма өндірісі қалдықтарын талшыққа ажыратудың тиімді технологиясын коммерцияландыру және оны жіп пен тоқыма емес материалдар өндірісінде қолдану».

Жарияланымдық белсенділік:

Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу қызметінде жарияланымдық белсенділік танытып, ғылыми еңбектері Web of Science және Scopus дерекқорларына енген халықаралық рейтингтік журналдарда, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБМ БҒССҚК) ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланып тұрады. Сонымен қатар монографиялар мен оқу құралдары жарық көріп, авторлық куәліктер алынуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері өндіріске және оқу үдерісіне енгізіліп, тиісті енгізу актілерімен расталуда, бұл кафедраның ғылым мен білімді ұштастырудағы тиімді қызметінің айқын көрсеткіші болып табылады.

Гранттық зерттеулерге қатысу:

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру конкурсынан келесі жобалар іске асырылып орындалуда: "81738/Инициативный-OT-23 - Өндірісте кең ассортиментті иірімжіп пен беймата материалдарды пайдалана отырып, тоқыма өндірісінің қалдықтарын түтудің тиімді технологиясын коммерцияландыру" және AP05135840-Термо-өртке қарсы қасиеттерін зерттеу үшін автоматизацияланған сыни кешенін дайындау (АСК) және оны арнайы киім материалдарын өндіруі кезіндегі енгізуі

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық:

Түркия профессоры Өмер Займоглу «ТЛПиД» кафедрасының жас ғалымдарының қатысуымен жас ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми және шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсететін заманауи онлайн платформа жасады. Бұл платформа өңірде алғаш рет құрылып, онлайн музей түрінде рәсімделген, онда авторлар мен ұсынылған ғылыми жұмыстар туралы толық ақпарат алуға болады. Айта кету керек, ақпаратты ұсынудың техникалық сипаттамасы заманауи графикалық веб-дизайн талаптарына сәйкес келеді. Бұл жоба гранттық бағдарламаларға қатысу үшін негіз болады.

Конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру:
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің базасында 2026 жылдың сәуірінде ЖӨТжД кафедрасында «Сәулеттік дизайн» және «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы өткізілді, онда олардың ғылыми жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы, жобалық шешімдерінің өзектілігі және рәсімделу сапасы бағаланды.

Оқытушылар мен білім алушылардың жетістіктері:

Кафедраның оқытушылары мен білім алушылары республикалық олимпиадаларға белсенді қатысып, онда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, кәсіби және академиялық даярлықтарының жоғары деңгейін дәлелдеп келеді.

Ғылыми үйірмелер мен зерттеу топтары:

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі «Creative-Design» белсенді жұмыс істейді, оның қызметі ғылыми зерттеулер жүргізу, конкурстар мен конференцияларға қатысу және инновациялық дизайнерлік жобаларды әзірлеу арқылы студенттердің зерттеушілік, шығармашылық және жобалық құзыреттерін дамытуға бағытталған.

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.