Ғылыми-техникалық кеңес
Қазақ технология және бизнес университетінің Ғылыми-техникалық кеңесін құрудың негізгі мақсаты университеттің ғылыми қауымдастығын осындай қызметті ұйымдастыру міндеттерін шешуге тарту арқылы университеттің ғылыми және инновациялық қызметін тиімді басқару жағдайларын қамтамасыз ету, әсіресе ғылыми бөлімшелер жұмысының сапасын бағалау, ғылыми қызмет нәтижелерін халық шаруашылығы салаларында, оқу және ғылыми-өндірістік үдерісте пайдалану және университеттің ғылыми ұжымдары мен ғылыми бөлімшелерінің ғылыми және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін неғұрлым толық қанағаттандыру жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.
Университеттің Ғылыми-техникалық кеңесінің қызметі келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
- Кешенді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, гранттық және инновациялық жобаларды орындау кезінде ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
- Университеттің ғылыми бөлімшелерінің даму перспективаларын, оларда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің бағыттарын, олардың мамандар даярлау бейіні мен Университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкестігін айқындау;
- Университетте жүргізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін талдау және бағалау, сондай-ақ университет бөлімшелерінің ғылыми жұмысының қорытындыларын қарау;
- Проблемалық зертханаларды құрудың орындылығын қарау, олардың жоспарлары мен есептерін бекіту;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, гранттық және инновациялық жобалар бойынша есептерді қарау және бағалау;
- Баспаға дайындалған монографияларды қарау;
- Университеттегі ғылыми қызметті басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу және оқу-ғылыми-өндірістік үдерісті басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету бөлігіндегі университеттің ғылыми блогы құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын талдау.