«Қазақ технология және бизнес университеті» акционерлік қоғамы 2003 жылғы 12 маусымда Алматы технология және бизнес университетінің Астана қаласындағы филиалы негізінде құрылды. 2003–2004 оқу жылынан бастап Ақмола технология және бизнес университеті атауымен дербес жоғары оқу орны ретінде жұмыс істейді.
2008 жылғы 26 наурызда университет Қазақ технология және бизнес университеті болып қайта аталды. ҚазУТБ Астана қаласы мен Ақмола өңіріндегі тамақ, жеңіл, мұнай-химия өнеркәсібі және қонақжайлылық индустриясы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлайтын жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орнына айналды.
Университет 16.07.2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы АБ № 0064024 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады. Ғылыми қызмет 2014 жылғы 9 сәуірдегі МК № 003978 сериялы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік негізінде жүргізіледі.
2011 жылдан бастап «ҚазСерт» СТ РК сертификаттауы нәтижесінде ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Университетте бірыңғай ақпараттық басқару жүйесі жолға қойылып, инновациялық технологиялар мен қашықтан оқытуды қоса алғанда белсенді оқыту әдістері енгізілген, білім сапасы мен ПОҚ құрамын ішкі бақылау жүйесі жұмыс істейді.
Университетте мамандар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі іске асырылған: техникалық және кәсіптік білім беру (колледж), жоғары білім (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура).