Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
2025 жылы жаңа буын инженерлерін даярлау үшін құрылды. АТ, өндірісті автоматтандыру, жасанды интеллект, цифрлық энергетика және робототехниканы қамтиды. АТ-компанияларымен тығыз серіктестік.
Техникалық бағыттардың дамуына және заман талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау қажеттілігіне байланысты 2025 жылы жаңа Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті құрылды.
Факультет заманауи инженерлік шешімдер, ақпараттық технологиялар, өндірісті автоматтандыру саласында кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін университеттің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Факультетте үш кафедра жұмыс істейді: «IT», «Автоматтандыру және инженерлік жүйелер», сондай-ақ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер».
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті — қазіргі заманның ең перспективалы бағыттарының бірінде оқуға, ғылыми қызметке және кәсіби дамуға арналған заманауи кеңістік.
Ақпараттық технологиялар, автоматтандыру, химиялық процестер және экология саласында кәсіби білімі мен практикалық дағдылары бар сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жетекші инженерлік-технологиялық факультет болу.
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті ғылым, технологиялар және білімнің интеграциясы негізінде дамитын, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына бағдарланған инновациялық-білім беру платформасы ретінде позицияланады.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, бизнес және әлеуметтік салаларында цифрландыру, автоматтандыру және инновацияларды енгізу міндеттерін шеше алатын жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау.
- Кафедралардың заманауи оқу және зертханалық базасын дамыту.
- Бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларының спектрін кеңейту.
- Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми деңгейін арттыру, ғылыми дәрежелілік көрсеткішінің өсуі.
- Гранттық және қолданбалы жобаларға қатысу арқылы ғылыми-зерттеу қызметін нығайту.
- Техникалық және АТ-бағыттары бойынша студенттер мен түлектердің санын арттыру.
- Дуалды және жобалық оқытуды жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен және АТ-компаниялармен белсенді ынтымақтастық.
Серимбетов Булат Абуталибович
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты
Баумуратова Диларам Бекбулатовна
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары, қауымдастырылған профессор
Құрбанов Дарын Ержанұлы
Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары
Аманбай Айгерим Сериккызы
Әдіскер