Кафедра

«Туризм және сервис» кафедрасы

Кафедра туризм, қонақ үй және мейрамхана ісі саласында жоғары білікті мамандар даярлайды. Кафедра бағдарламалары ұлттық аккредитациядан өтті.

Жунусова Алия Анархановна кафедра меңгерушісі, ассистент-профессор
Экономика және бизнес факультеті Кафедра факультеті
Жунусова Алия Анархановна

Жунусова Алия Анархановна

кафедра меңгерушісі, ассистент-профессор

Тел:

+7 7172 69-70-60 ( 140)

Кабинеті:

407/2

Кафедраның мақсаты

Кафедраның мақсаты

Туризм, қонақжайлылық, мейрамхана бизнесі және қызмет көрсету саласы үшін заманауи кәсіби құзыреттерге, көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік ойлау қабілетіне, инновациялық басқару дағдыларына ие, сондай-ақ жаһандану, цифрлық трансформация және саланың тұрақты даму жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлау.

Кафедраның миссиясы

«Туризм және сервис» кафедрасының миссиясы – білім беру, ғылым және тәжірибені интеграциялау негізінде, инновациялық білім беру технологияларын, тұрақты даму қағидаттарын және халықаралық білім сапасы стандарттарын енгізу арқылы туризм, қонақжайлылық және HoReCa индустриясы үшін жаңа буын мамандарын даярлау.

Кафедра әлемдік саланың даму үрдістеріне сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті туристік және сервистік өнімдерді жасай алатын, заманауи басқарушылық шешімдерді енгізетін, тұрақты туризмді дамытатын және жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз ететін кәсіби кадрларды даярлау орталығына айналуды мақсат етеді.

Мамандар даярлаудың негізгі бағыттары

  1. Дуальды оқыту – университеттегі теориялық дайындықты туризм, қонақжайлылық және HoReCa индустриясы кәсіпорындарындағы практикалық қызметпен ұштастыру.
  2. Практикаға бағытталған оқыту – өндірістік тәжірибелер, тағылымдамалар, кейс-әдістер, жобалық қызмет және жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимыл арқылы кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
  3. Көптілді білім беру – білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырып, халықаралық туризм және сервис саласында кәсіби қызметке дайын болуын қамтамасыз ету.
  4. Халықаралық тағылымдамалар мен тәжірибелер – шетелдік туристік, қонақ үй және мейрамхана ұйымдарында практикалық тәжірибе жинақтау және мәдениетаралық құзыреттерді дамыту.
  5. Саланың практик-мамандарын тарту – білім беру процесін еңбек нарығының өзекті талаптарымен және салалық стандарттармен үйлестіру.
  6. Шетелдік лекторлар мен жетекші ғалымдарды тарту – халықаралық академиялық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді және инновациялық білім беру әдістерін оқу процесіне енгізу.
  7. Цифрландыру және инновациялар саласындағы құзыреттерді қалыптастыру – туризм және қонақжайлылық индустриясындағы заманауи технологияларды меңгеру.
  8. Тұрақты туризмге бағдарлану – экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын кәсіби қызметке енгізу.

Білім беру қызметі

Кафедраның білім беру процесі практикаға бағытталған оқыту қағидаттарына және жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастыққа негізделген. Білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға өндірістік тәжірибелер, тағылымдамалар, көшпелі сабақтар, бизнес өкілдерінің шеберлік сабақтары және нақты салалық жобаларға қатысу арқылы ерекше көңіл бөлінеді.

Басым бағыттардың бірі – дуальды оқытуды дамыту. Ол университеттегі теориялық дайындықты туристік индустрия, қонақ үй және мейрамхана бизнесі кәсіпорындарында тікелей практикалық тәжірибемен ұштастыруды көздейді. Мұндай тәсіл түлектердің еңбек нарығы талаптарына тез бейімделуіне және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Кафедра тарихы

«Туризм және сервис» кафедрасы 2022 жылғы 31 қаңтардағы Ғылыми кеңестің №6 хаттамасы негізінде «Менеджмент және туризм» кафедрасын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.

Кафедраның даму кезеңдері мен негізгі жетістіктері

  1. Кафедраның қалыптасуының бес жылдық кезеңінде білім беру, ғылыми және практикалық қызметті дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізіліп, тұрақты даму мен мамандар даярлау сапасының артуы қамтамасыз етілді.
  2. Білім беру бағдарламалары әзірленіп, табысты жүзеге асырылуда, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті нығайтылды, туризм, қонақжайлылық және HoReCa индустриясы кәсіпорындарымен ынтымақтастық кеңейтілді. Қазіргі таңда тәжірибе базалары ретінде айқындалған кәсіпорындармен 50-ден астам келісімшарт жасалған.
  3. Дуальды және жобалық оқытуды енгізу, өндірістік тәжірибелер мен тағылымдамаларды дамыту арқылы білім алушылардың практикалық даярлығы айтарлықтай күшейтілді. Кафедрада туризм және қонақжайлылық индустриясының ірі кәсіпорындары базасында құрылған 6 кафедра филиалы табысты жұмыс істейді.
  4. Білім алушылардың нақты салалық мәселелерді шешу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға, кәсіпкерлік ойлауын және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталған жобалық оқыту жүйелі түрде дамытылуда. Кафедра білім алушылары Rixos қонақүйлері үшін анимациялық бағдарламалар жобаларын, сондай-ақ ішкі туризмді дамытуға арналған ақпараттық веб-сайттардың нұсқаларын әзірледі.
  5. Кафедра халықаралық ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты белсенді түрде дамытып, шетелдік оқытушылар мен саланың жетекші мамандарын білім беру процесіне тартады.
  6. Кафедра білім алушылары халықаралық байқаулар мен кәсіби жарыстарға тұрақты қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетуде.
  7. Кафедра дамуының маңызды кезеңдерінің бірі туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін жоғары білікті басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған «Туризм және HoReCa саласындағы бизнес және менеджмент» магистратурасының жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы болды.
  8. Білім алушылардың тілдік даярлығын дамыту мақсатында ағылшын, қытай және түрік тілдері оқытылады, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық ортада табысты кәсіби қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
  9. Заманауи білім беру технологиялары енгізіліп, тұрақты даму қағидаттары жүзеге асырылуда, бұл білім беру процесінің сапасын және мамандар даярлау деңгейін арттыруға ықпал етеді.
  10. Кафедраның негізгі жетістіктерінің бірі – түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғары болуы. Бұл көрсеткіш 90–95%-ды құрайды және білім беру бағдарламаларының сұранысқа ие әрі практикалық бағыттылығын дәлелдейді.

УНИВЕРСИТЕТ ДАМУЫНА ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР МЕН ҮЛЕС:

2024 жылдың қазан айында «Туризм және сервис» кафедрасында Түркия Республикасының Үкіметі мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Бариста-бармен» арнайы практикалық оқу кабинеті ашылды.

Оқу кабинетін ашу университеттің материалдық-техникалық базасын дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және туризм мен сервис саласындағы болашақ мамандарды практикалық даярлауға заманауи жағдай жасауға маңызды үлес қосты.

2025 жылдың желтоқсан айында «Бариста» микробіліктілік бағдарламасы іске асырылып, студенттерге халықаралық сертификаттар табысталды. Бағдарлама TİKA, RixosPresidentAstana қонақ үйі және салалық серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылды. Оқыту барысында студенттер кофе сусындарын дайындау мен ұсынудың заманауи технологияларын меңгеріп, қонақжайлылық индустриясында сұранысқа ие практикалық дағдыларға ие болды. Бағдарламаны жүзеге асыру практикалық оқытуды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етті.

2026 жылдың қаңтар айында «Туризм және сервис» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы JTHospitalitySchool ұйымдастырған біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында «Жұмбақтас» қонақүй кешенінде тәжірибелік оқытудан өтті. Оқыту барысында қонақүйдің негізгі бизнес-процестері, соның ішінде қонақтарға қызмет көрсету стандарттары, нөмірлік қор қызметін ұйымдастыру (Housekeeping), қонақүй нөмірлерін жабдықтау ерекшеліктері және сервистік сапаны басқарудың заманауи тәсілдері зерттелді. Алынған білім мен дағдылар оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және туризм, қонақжайлылық пен сервис бағыттары бойынша студенттерді тәжірибеге бағыттап даярлауды жетілдіруге ықпал етеді.

2026 жылдың ақпан айында «Туризм және сервис» кафедрасы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сервис және туризм колледжі базасында «Қонақжайлылық және туризм» өңірлік білім беру-өндірістік кластерін құруға елеулі үлес қосты. Жоба техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі Жол картасы аясында іске асырылып, білім беру мен индустрия арасындағы өзара байланысты нығайтуға және сала үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

2026 жылдың сәуір айында «KazUTBStars» командасы «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада III орын иеленді. Студенттердің жетістігі білім беру бағдарламасының жоғары деңгейін, шығармашылық қабілетін және бәсекеге қабілеттілігін растады. Сонымен қатар «Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері XVIII Республикалық пәндік олимпиадада II жалпы командалық орынды иеленді. Бұл жетістік HoReCa саласының болашақ мамандарының сапалы даярлығын көрсетіп, университеттің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы позициясын нығайтты.

2026 жылдың мамыр айында «Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламасының студенті Арнур Аубакиров Қазан қаласында өткен Юнус Ахметзянов атындағы халықаралық жас аспаздар турнирінде Қазақстанды абыроймен таныстырып, «Дәстүр сақтаушы» номинациясының иегері атанып, жалпы есепте II орынға ие болды. Бұл жеңіс университеттің халықаралық беделін нығайтып, студенттердің жоғары кәсіби даярлығын көрсетті.

2026 жылдың мамыр айында «Туризм және сервис» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Ақмола облысының көрікті табиғи аймақтарының бірі — «Сұңқар таулары» шатқалында өткен көшпелі оқу-тәжірибелік тренингке қатысты. Семинар тақырыбы: «Белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы». Семинар барысында қатысушылар белсенді туризм саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіріп, туристік маршруттарды ұйымдастыру мен табиғи ортада қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін меңгерді. Арқанды кезеңдерден өту, тау жағдайындағы қозғалыс техникасы және командалық өзара әрекет дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл тәжірибе оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін кеңейтіп, білім беру үдерісінде қолданылатын маңызды практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Біздің қызмет әдістеріміз бен басымдықтарымыз

«Туризм және сервис» кафедрасында цифрлық білім беру платформаларын, интерактивті оқыту әдістерін, кейс-стади технологияларын, жобалық оқыту тәсілдерін және мультимедиялық ресурстарды қамтитын заманауи білім беру технологиялары кеңінен қолданылады. Мұндай тәсіл студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, оқытудың тәжірибелік бағытын күшейтеді және туризм мен қонақжайлылық индустриясының заманауи талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттерді қалыптастырады.

Сонымен қатар, «Электрондық брондау және резервтеу жүйелері», «Мейрамхана бизнесі», «Қонақ үй шаруашылығы», «Бар ісі» және басқа да бейіндік пәндер аясында қонақжайлылық және мейрамхана индустриясында қолданылатын заманауи лицензиялық бағдарламалық өнімдер – R-Keeper, Opera (Protel/ProOtel), Shelter жүйелері пайдаланылады. Аталған бағдарламалар білім алушыларға қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарын басқарудың, брондау, есепке алу және сервистік процестерді автоматтандырудың нақты цифрлық құралдарын меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл олардың практикалық даярлық деңгейін, кәсіби құзыреттілігін және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«Туризм және сервис» кафедрасында туризм және қонақжайлылық индустриясының жетекші кәсіпорындары базасында құрылған 6 кафедра филиалы жұмыс істейді. Бұл филиалдарда дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылады.

Кафедра филиалдары «Rixos» қонақ үй-демалыс кешені, «Жұмбақтас» демалыс аймағы, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы, сондай-ақ саланың басқа да серіктес кәсіпорындары негізінде қызмет етеді.

Аталған филиалдар теориялық дайындық пен практикалық қызметтің өзара байланысын қамтамасыз етіп, білім алушыларға нақты өндірістік ортада кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Кафедраның тәжірибе базасы туризм және қонақжайлылық индустриясының 50-ден астам ірі кәсіпорындарын қамтиды. Кафедра серіктестері білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жаңартуға, өндірістік тәжірибелер мен тағылымдамаларды ұйымдастыруға, дуальды оқытуды жүзеге асыруға, сондай-ақ шеберлік сабақтарын, қонақ дәрістерін және кәсіби тренингтер өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысады. Мұндай ынтымақтастық білім беру процесінің еңбек нарығы талаптарымен тығыз байланысын қамтамасыз етіп, түлектердің табысты жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

Кафедра оқытушылары мен студенттері ғылыми жобаларға, конференцияларға, конкурстарға, ғылыми жарияланымдарға белсенді қатысады, сондай-ақ туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін инновациялық шешімдерді әзірлеумен айналысады. Бұл тәсіл білім мен ғылымның интеграциясын қамтамасыз етіп, академиялық ортаның дамуына және мамандар даярлау сапасының артуына ықпал етеді.

Бакалавриат

Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады:

Бакалавриат білім беру бағдарламалары:

6В11127-Туризм

Білім беру бағдарламасының коды:6B11127

Білім беру бағдарламасының атауы:Туризм

Қысқаша сипаттамасы: Туристік қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну технологияларын меңгерген, туристік бизнесте, ұлттық және өңірлік туристік аймақтарда үздік позицияларды алуға қабілетті және туризм саласындағы қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге дайын кәсіби қоғамдастықтың қажеттіліктерін ескере отырып, білікті кадрлар даярлау

Оқу мерзімі:3 жыл

Берілетін біліктілік:Қызмет көрсету саласының бакалавры

6B11129-Халықаралық туризм

Білімберубағдарламасыныңкоды: 6B11129

Білімберубағдарламасыныңатауы: Халықаралықтуризм
Қысқашасипаттамасы: Инновациялықойлауқабілетібар, қазіргізаманғытуристікиндустриядаозықтехнологиялардымеңгерген, әлемдіктуристікбизнесжағдайларынаинтеграциялануғақабілеттіжоғарыбіліктімамандардыдаярлау
Оқумерзімі: 3 жыл
Берілетінбіліктілік: Қызметкөрсетусаласыныңбакалавры

6B11126- Мейрамханаісіжәнемейманханабизнесі
Білімберубағдарламасыныңкоды: 6B11126
Білімберубағдарламасыныңатауы: Мейрамханаісіжәнемейманханабизнесі
Қысқашасипаттамасы: Қонақүйлерменмейрамханалардыбасқаруда, сервисті, маркетингтіжәнеқонақжайлылықиндустриясыныңбасқадаөндірістікміндеттерінұйымдастырудатеорияменпрактиканыбілетінжоғарыбіліктімамандардаярлау.
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін біліктілік: : Қызмет көрсету саласының бакалавры

Магистратура

Магистратураның білім беру бағдарламалары:

7М04101 – Туризм және HoReCa саласындағы бизнес және басқару (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М04101 – Туризм және HoReCa саласындағы бизнес және басқару (бейіндік бағыт)

Ғылыми-педагогикалық бағыттың қысқаша сипаттамасы:

Туризм және қонақжайлылық саласында ғылыми-зерттеу, басқарушылық және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайын, ғылыми таным әдіснамасын меңгерген, стратегиялық басқару құралдарын қолдана алатын жоғары білікті магистрлерді даярлау.

Бейіндік бағыттың қысқаша сипаттамасы:

Туризм және HoReCa индустриясы ұйымдарының операциялық және жобалық қызметін тиімді басқара алатын, заманауи инновациялық құралдарды енгізуге қабілетті практикалық бағыттағы мамандарды даярлау.

Оқу мерзімі:

Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл
Бейіндік бағыт – 1 жыл

Берілетін біліктілік:

7М04101 – Туризм және HoReCa саласындағы бизнес және басқару (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша – ғылым магистрі

7М04102 – Туризм және HoReCa саласындағы бизнес және басқару (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша – бизнес және басқару магистрі

Ғылыми-зерттеу жұмысы / Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми бағыттары

«Туризм және сервис» кафедрасы туризм теориясы, экономика және басқару, маркетинг, қонақүй және мейрамхана ісі, рекреация, әлеуметтік-мәдени сервис, цифрлық технологиялар және туристік қызметті құқықтық реттеу салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Кафедраның зерттелетін тақырыптары:

1.Туристік ортаны ізгілендіру және сапалы саяхаттарды арттыру факторы ретінде жайлылық инфрақұрылымы

2.Туристік қызмет инфрақұрылымы мен сервисті дамыту

3.Туризмдегі цифрлық технологиялар және инновациялар

4.Оқиғалық, мәдени-танымдық және әлеуметтік-мәдени туризм

Жарияланымдық белсенділік

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерін отандық және шетелдік жетекші ғылыми басылымдарда жариялап келеді. Өткен жылы кафедра оқытушылары Web of Science және Scopus халықаралық дерекқорларына кіретін журналдарда 15 мақала, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ КОКСНВО ұсынған басылымдарда 50 мақала жариялады. Бұл кафедраның жоғары ғылыми белсенділігін және туризм саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

Гранттық зерттеулерге қатысу

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамы гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылатын ғылыми жобаларға белсенді қатысады. Бұл зерттеулер туризм және қонақжайлылық саласына инновациялық тәсілдерді енгізуге, кафедраның ғылыми әлеуетін арттыруға және саланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

2025 жылы «Туризм және сервис» кафедрасы «Әртүрлі функционалдық мүмкіндіктері бар білім алушыларға арналған туристік-мәдени маршруттарды әзірлеу және апробациялау: эмпирикалық зерттеу» атты ғылыми стартап-жобаны іске асыруға арналған ішкі университеттік грантты жеңіп алды. Жоба жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С. Омаркожаева, орындаушылар – «Туризм» ББ 2-курс студенттері Сапаргалиева Д.С., Смаилова М.Е., Сағытжан А.Б. Гранттың жалпы көлемі 2 086 800 теңгені құрайды.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық

Кафедра халықаралық білім және ғылым саласындағы серіктестікті белсенді дамытып, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Атап айтқанда, Түркиядағы Анталия Билим университетімен әріптестік байланыс орнатылып, академиялық тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми бастамаларды дамыту және оқытушылар мен білім алушылардың халықаралық академиялық ұтқырлығын кеңейту жүзеге асырылуда.

Конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

Кафедра жыл сайын туризм, қонақжайлылық және сервистік қызмет саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Бұл іс-шаралар оқытушылар, білім алушылар, бизнес өкілдері және салалық сарапшылар арасындағы тәжірибе алмасуға тиімді алаң болып, ғылыми әлеуетті дамытуға және студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Негізгі іс-шаралар қатарында: «Қонақжайлылық трендтері 2026: ЖИ және автоматтандыру» дөңгелек үстелі, студенттік ғылым апталығы «Сервистің болашағы жастар көзқарасымен», сондай-ақ «Ауылдық және экотуризмнің мәселелері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел бар.

Оқытушылар мен білім алушылардың жетістіктері

Кафедра оқытушылары мен білім алушылары ғылыми, оқу және жобалық қызметте тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, түрлі деңгейдегі байқауларға, олимпиадаларға және ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысады.

1.Акимов Ж.М., Рахимбеков Б.К. – студенттерді пәндік олимпиадаға дайындағаны үшін алғыс хат пен грамотамен марапатталды, ІІІ орын.

2.«Юнус Ахметзянов атындағы халықаралық жас аспаздар турнирі – 2026» (Қазан қ., РФ) – 4-курс студенті Аубакиров Арнұр ІІ орын иеленді.

3.Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада – РДГБ білім беру бағдарламасының студенттері ІІ орын алды.

4.«Жасыл планета» экотуризмді дамыту және ілгерілету халықаралық байқауы – 2-курс студенттері Сапаргалиева Дильназ және Смаилова Мия І орын иеленді.

«Туризм және сервис» кафедрасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Үздік жобалар жүлделі орындарға ие болып, ғылыми конференцияларға және тәжірибеге енгізуге ұсынылды.

1 орын: «RozeMarin: табиғи маринадталған ет жартылай фабрикаттарын өндірудің стартап-моделі» – Темірбай М., Ахметбекова Қ.; ғылыми жетекші – Мүканова Б. Ш.

2 орын: «Астана қаласының Нұра ауданындағы мейрамханалардың салыстырмалы талдауы» – Қуандық Қ., Нұрман А.; ғылыми жетекші – Жанабай А. А.
– «Қонақүй іс-шараларына персоналды оқытудың инновациялық әдістері» – РДГБ 222, 4 курс; ғылыми жетекші – Ярдякова И. В.

3 орын: «Қадам – Қазақстан бойынша туристік аудиогид қосымшасын әзірлеу» – Каранеева Д., Ибраева Д., Егізбаев М.; ғылыми жетекші – Кожаназар А. Ш.
– «Қазақстан мен Қырғызстандағы мәдени-танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктері» – Айжарикова С., Бөгенбай Д., Бөгембай Н.; ғылыми жетекшілер – Ахметова Г. Б., Джангельдина Н. Н.


'KazUTBTravelClub және Be Unique' - студенттiк клубтары

«Туризм және сервис» кафедрасында білім алушылардың зерттеушілік, кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған «Kazutbtravelclub» және «Be Unique» ғылыми-практикалық үйірмелері жұмыс істейді.

Қолданбалы ғылыми-практикалық «Kazutbtravelclub» үйірмесі

Үйірме туралы

«Kazutbtravelclub» қолданбалы ғылыми-практикалық үйірмесі «Туризм», «Халықаралық туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларын біріктіреді. Үйірме туристік саланы дамытуға, белсенді туризм түрлеріне, тұрақты туризмге және экологиялық жауапты саяхаттауға қызығушылық танытатын білім алушыларды біріктіреді. Үйірменің қызметі кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, зерттеушілік және көшбасшылық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ туристік индустрияда тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға бағытталған.

Негізгі қызмет бағыттары

-туристік, спорттық және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру;

-туризм саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобаларға қатысу;

-қауіпсіз және экологиялық жауапты туризм дағдыларын дамыту;

-тұрақты туризм қағидаттарын және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін насихаттау;

-туристік олимпиадаларға, байқауларға және салалық форумдарға қатысу;

-туристік саланы дамыту мәселелері бойынша білім беру кездесулерін, тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізу;

-Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Тұрақты дамуға қосқан үлесі

Үйірме тұрақты туризмді, экологиялық мәдениетті дамытуды, табиғи аумақтарды сақтауды және туристік ресурстарға жауапкершілікпен қарауды насихаттау арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Ерекше назар экологиялық қауіпсіздік, биоалуантүрлілікті сақтау және жергілікті қауымдастықтарды қолдау мәселелеріне аударылады.

Біздің жетістіктеріміз

-білім алушылардың туризм саласындағы ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға және байқауларға қатысуы;

-туризм саласында тәжірибеге бағытталған жобаларды іске асыру;

-білім алушыларды қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне тарту;

-тұрақты туризмді насихаттауға бағытталған студенттік бастамаларды дамыту.

Үйірменің мақсаты

Туристік индустрияның болашақ мамандарының кәсіби құзыреттерін, зерттеушілік әлеуетін және экологиялық жауапкершілігін дамытуға ықпал ететін білім алушылар қауымдастығын қалыптастыру.


Қолданбалы ғылыми-практикалық «Be Unique» үйірмесі

Үйірме туралы

Қолданбалы ғылыми-практикалық «Be Unique» үйірмесі «Туризм», «Халықаралық туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларын біріктіреді. Үйірме білім алушылардың ғылыми ойлауын, практикалық дағдыларын, шығармашылық әлеуетін және әлеуметтік белсенділігін дамытуға, сондай-ақ тұрақты даму мен қоғамның өмір сүру сапасы мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі қызмет бағыттары

-ғылыми-зерттеу жобалары мен конференцияларға қатысу;

-дөңгелек үстелдер, семинарлар және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру;

-командалық жұмыс пен көшбасшылық құзыреттерді дамыту;

-сервис және қонақжайлылық саласында тәжірибеге бағытталған бастамаларды іске асыру;

-қызмет көрсету саласын экологияландыруға бағытталған жобаларды қолдау;

-әлеуметтік және волонтерлік іс-шараларға қатысу;

-ресурстарды үнемдеу және жауапты тұтыну қағидаттарын насихаттау.

Тұрақты дамуға қосқан үлесі

Үйірме білім беру іс-шаралары, ғылыми зерттеулер және практикалық бастамалар арқылы жастар арасында тұрақты даму мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Ерекше назар қонақ үй және мейрамхана бизнесін экологияландыру, қызмет көрсету саласын цифрлық трансформациялау, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне аударылады.

Біздің жетістіктеріміз

-білім алушылардың ғылыми конференциялар мен қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуы;

-білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту;

-жобалар мен кәсіби байқауларға қатысу арқылы практикалық дағдыларды дамыту;

-өзекті әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған білім алушылардың бастамаларын қолдау және дамыту;

Үйірменің мақсаты

Білім алушылардың кәсіби, зерттеушілік және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ қоғам мен қоршаған ортаның тұрақты дамуына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін инновациялық білім беру ортасын құру.

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.