Университет Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет орталығы — Астана қаласында орналасқан.
Неліктен
ҚазТБУ?
ҚазТБУ — тамақ, жеңіл, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсіптері, қонақжайлылық индустриясы, бизнес, АТ және қоршаған ортаны қорғау салалары үшін жаңа формациялы мамандар даярлайтын мамандандырылған жоғары оқу орны.
ҚазТБУ — бұл Қазақстанның бейінді салаларында колледжден магистратураға дейінгі жалғыз үздіксіз траектория, ол институционалдық аккредитациямен және халықаралық серіктестікпен бекітілген.
Көпдеңгейлі даярлаумен мамандандырылған жоғары оқу орны
ҚазТБУ-да мамандар даярлаудың үздіксіз жүйесі іске асырылады: Колледж — Бакалавриат — Магистратура. Білім беру және ғылыми қызметтің жоғары бағасы университеттің институционалдық аккредитациясымен және барлық бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының мамандандырылған аккредитациясымен расталған.
Бейінді мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім
Барлық факультеттердің аккредитацияланған бағдарламалары бойынша жоғары білім
Басым бағыттар бойынша тереңдетілген ғылыми және кәсіби даярлық
ҚазТБУ-да оқудың артықшылықтары
Технологиялар, бизнес, АТ, инжиниринг салалары бойынша бейінді мамандар даярлау.
Бәсекелі оқу ақысы және әрбір студент үшін икемді төлем жүйесі.
Жеке санаттардағы абитуриенттерге оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, мемлекеттік грант иелеріне қолдау.
Университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша әскери кафедра қолжетімді.
Жетекші шетелдік университеттермен серіктестік. Қос диплом бағдарламалары.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
1-курс иногородний студенттеріне 2021 жылы пайдалануға берілген заманауи «Студенттер үйінде» орын беріледі.
ҚазТБУ-да не аласыз?
Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамынан білім алу.
Заманауи материалдық-техникалық база мен цифрлық инфрақұрылымға қол жеткізу.
Fablab алаңында инновациялық идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі: жылдам прототиптеу және цифрлық өндіріс.
Мамандық бойынша шетелде тағылымдама: Ұлыбритания, Германия, Италия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Корея, Қытай, Түркия және басқа елдер.
Ғылыми конференцияларға, байқауларға, спартакиадалар мен жарыстарға қатысу мүмкіндігі.
Жарқын студенттік өмір: КВН, байқаулар, концерттер, спорт секциялары.
Өз бағытыңызды таңдаңыз
ҚазТБУ үш бейінді факультетті біріктіреді — әрқайсысы өзіндік ғылыми базасы, аккредитацияланған бағдарламалары және кәсіби нарыққа шығу мүмкіндігі бар.
Бірінші қадам жасауға дайынсыз ба?
Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы өтінім беріңіз немесе бакалавриат бағдарламалары туралы толығырақ біліңіз.