«IT» кафедрасының ұжымы Баумуратова Диларам Бекбулатовнаны 21100 - «Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған ғылыми атақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 736 бұйрығымен берілді.
Сізге алдағы кәсіби қызметіңізде толағай табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер, шығармашылық шабыт, әріптестеріңіздің жоғары бағасы, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық қызметіңізде елеулі нәтижелер тілейміз!
