Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

«Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Кенжегүл Ақмышқызын PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2026 жылғы 18 қарашада «Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Омарова Кенжегүл Ақмышқызы «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады

«Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Кенжегүл Ақмышқызын PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2026 жылғы 18 қарашада Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Омарова Кенжегүл Ақмышқызы «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертацияны қорғау – көпжылдық ғылыми ізденістің, табандылықтың, кәсіби біліктіліктің және ғылымға деген адалдықтың нәтижесі. Бұл – академиялық жолдағы маңызды белес әрі кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын елеулі жетістік.

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті «Туризм және сервис» кафедрасының ұжымы Кенжегүл Ақмышқызына осы маңызды жетістігімен және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтау білдіреді!

Сізге ғылыми жобаларыңыздың табысты жүзеге асуын, еңбегіңіздің лайықты бағалануын және жаңа ғылыми жетістіктерге жетуіңізді тілейміз. Жинақтаған біліміңіз бен тәжірибеңіз ғылымның дамуына және болашақ мамандарды даярлауға өз үлесін қоса берсін!


← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

ДӘСТҮРДЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА: НАН ПІСІРУ ӨНЕРІ МЕН ИТАЛЬЯНДЫҚ АСХАНА!

2026 жылғы 19 қарашада «Технология және стандарттау» кафедрасында «Заманауи нан өнімдері және итальяндық асхана: нан пісіру және аспаздық өн...

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» ЖОО-ішілік конкурстың I кезеңіні

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» атағын беруге арналған ЖОО-ішілік конкурстың I кезеңінің қорытындылары

Фридом Финанс маманының қонақ дәрісі

2026 жылғы 17 қарашада «Экономика және қаржы» кафедрасы Freedom Finance АҚ маманы Ринар Кузербаевтың қатысуымен инвестициялау негіздері тақы...