Студенттер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен стартап-жобалар байқауына қатысты
2026 жылғы 28 қазанда 2 және 4 курс студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және туризм» жоғары мектебі ұйымдастырған «Жасанды интеллект саласындағы инновациялық идеялар мен шығармашылықты дамыту» тақырыбындағы стартап-жобалар байқауына қатысты.
Іс-шара инновациялық ойлауды дамытуға, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға және студенттердің жасанды интеллект технологияларын әртүрлі қызмет салаларында қолдануға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Байқауға қатысу студенттерге өз идеяларын ұсынуға, шығармашылық әлеуетін көрсетуге, инновациялар мен жасанды интеллект саласындағы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер байқауға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Студенттерді байқауға табысты қатысуымен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер, тың идеялар және болашағы зор стартап-жобаларын сәтті жүзеге асыруды тілейміз!