Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

13 наурыз 2023 жыл

13 наурыз 2023 жылы «Туризм және сервис» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джангельдина Д.И. кафедраның «Кәсіптік бағдар беру» жұмысының жоспар кестесіне сәйкес Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында және №79 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізді

13 наурыз 2023 жылы «Туризм және сервис» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джангельдина Д.И. кафедраның «Кәсіптік бағдар беру» жұмысының жоспар кестесіне сәйкес Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында және №79 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізді. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әртүрлі мамандықтардың талаптарымен таныстырылды. Мамандықтардың ерекшеліктері, олардың қоғамда алатын орны туралы түсініктер берілді. Сонымен қатар Университеттің кәсіптік бағдары туралы буклеттер таратылып, инстаграм каналы мен сайты туралы ақпараттар берілді. Оқушылардың грант бойынша, оқу ақысы туралы, мамандықтардың түрлері бойынша қойылған сұрақтарына жауаптар берілді. №65 мектеп-гимназиясында 11 сынып бойынша 150 оқушы , оның ішінде 72 қазақ тілінде, 78 орыс тілінде және №79 мектеп-лицейінде 11 сынып бойынша 112 оқушы, оның ішінде 76 қазақ тілінде, 36 орыс тілінде оқитыны туралы анықтама алынды.

← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

Халықаралық дөңгелек үстел: «Түризм және сервис» кафедрасының білім беру бағдарламаларын жаңарту

2026 жылғы 26 қарашада «Туризм және сервис» кафедрасы 2027–2028 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын талқылау мен жаңартуға арналғ...

«Родина» ауылына оқу-танымдық экскурсия

ФН-231 және ФН-241 студенттерінің «Родина» ауылына экскурсиясы: ауыл инфрақұрылымымен, жергілікті өндіріс және экономиканың практикалық қырл...

«Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Кенжегүл Ақмышқызын PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2026 жылғы 18 қарашада «Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Омарова Кенжегүл Ақмышқызы «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша...