
Кездесу жастардың қаржылық білімі мен дағдыларын арттыру мәселелері қозғалған интерактивті мастер-класс түрінде өтті. Маман өзінің жинақтарын сақтап қана қоймай, көбейтуге мүмкіндік беретін шеберлігінің құпияларымен жомарттықпен бөлісті. Тақырып қызығушылық тудырды, тыңдаушылар болашақ мамандыққа, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне, жұмыс берушілердің қаржы нарығының әлеуетті мамандарына қойылатын талаптары мен критерийлеріне қатысты көптеген сұрақтар қойды.
