2026 жылғы 13 қарашада Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен Қаржыгер күніне арналған «TENGE QUEST 2026: Қаржы алаңы» интеллектуалдық қаржы турниріне қатысты. Турнир Esil University базасында өтті.
Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша ҚазУТБ командасы қаржы және экономика саласындағы жоғары білім деңгейін, аналитикалық қабілетін, эрудициясын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетіп, I орынға ие болды!
Команда құрамында:
Санат Мирас — команда капитаны;
Ербол Айым;
Заманбекова Камила;
Ибрахимова Арайлым;
Мухан Балауса.
Команданың ғылыми жетекшілері — «Экономика және қаржы» кафедрасының сеньор-лекторлары Жұмажанова Марал Темірбаевна және Әбдіғалиева Ләззат Сағынғалиевна.
Осындай зияткерлік іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, теориялық білімдерін нығайтуға және қаржы саласының болашақ мамандарына қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Студенттеріміз бен ғылыми жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

