Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «Finlogic & Accounting» ойынында III орын иеленді.

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері Қаржыгер күні мен Бухгалтер күніне арналған «Finlogic & Accounting» жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік ойында III орын иеленді.

2026 жылғы 12 қарашада Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің (ҚазУТБ) студенттер командасы Қаржыгер күні мен Бухгалтер күніне арналған «Finlogic & Accounting» жоғары оқу орындары арасындағы зияткерлік ойында III жүлделі орынға ие болды.

Іс-шараны С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ұйымдастырды.

Зияткерлік сайысқа «Қаржы» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының 3–4 курс студенттері қатысты. ҚазУТБ командасы кәсіби білімінің жоғары деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін, командада жұмыс істеу дағдыларын және күрделі қаржылық-экономикалық міндеттерді шешу қабілетін көрсетті.

Команда құрамында:

1. Санат Мирас — команда капитаны;

2. Ербол Айым;

3. Заманбекова Камила;

4. Ибрахимова Арайлым.

Команданың ғылыми жетекшісі — «Экономика және қаржы» кафедрасының сеньор-лекторы Жұмажанова Марал Темірбаевна.

Мұндай зияткерлік іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және қаржылық әрі бухгалтерлік білім беруді танымал етуге ықпал етеді.

Студенттеріміз бен олардың ғылыми жетекшісін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен кәсіби жеңістер тілейміз!
← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Этномәдени бірлестіктер күні өтті

2026 жылы 13 қарашада Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде КМУ «Қоғамдық келісім» Достық үйінің өкілдерінің қ...

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері қаржы пәні бойынша Республикалық олимпиадада II орын иеленді

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «TengriCapital» командасы құрамында «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық ол...

Ғылым мен тәжірибе ұштасқан күн: ҚазТБУ-да өткен семинар қорытындысы

11 қараша күні «Технология және стандарттау» кафедрасында «НӨК «Инноватор» ЖШС-мен бірлескен ғылыми-практикалық семинар өтті.