ҚазУТБ-ға түсу

Неліктен
ҚазУТБ?

ҚазУТБ — тамақ, жеңіл, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсіптері, қонақжайлылық индустриясы, бизнес, АТ және қоршаған ортаны қорғау салалары үшін жаңа формациялы мамандар даярлайтын мамандандырылған жоғары оқу орны.

3
даярлау деңгейі: колледж, бакалавриат, магистратура
100%
білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредитациядан өтті
14
студенттерге арналған шетелдік тәжірибе елі
Университет туралы

Көпдеңгейлі даярлаумен мамандандырылған жоғары оқу орны

ҚазУТБ-да мамандар даярлаудың үздіксіз жүйесі іске асырылады: Колледж — Бакалавриат — Магистратура. Білім беру және ғылыми қызметтің жоғары бағасы университеттің институционалдық аккредитациясымен және барлық бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының мамандандырылған аккредитациясымен расталған.

01
Колледж деңгейі

Бейінді мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім

02
Бакалавриат деңгейі

Барлық факультеттердің аккредитацияланған бағдарламалары бойынша жоғары білім

03
Магистратура деңгейі

Басым бағыттар бойынша тереңдетілген ғылыми және кәсіби даярлық

30+
жыл Қазақстан экономикасы үшін мамандар даярлау
14
студенттерге арналған шетелдік тәжірибе елі
100%
білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредитациядан өтті
3
факультет — технология, бизнес, инжиниринг және АТ
Артықшылықтар

ҚазУТБ-да оқудың артықшылықтары

Астанадағы кампус

Университет Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет орталығы — Астана қаласында орналасқан.

Мамандандырылған даярлық

Технологиялар, бизнес, АТ, инжиниринг салалары бойынша бейінді мамандар даярлау.

Қолжетімді баға

Бәсекелі оқу ақысы және әрбір студент үшін икемді төлем жүйесі.

Жеңілдіктер мен гранттар

Жеке санаттардағы абитуриенттерге оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, мемлекеттік грант иелеріне қолдау.

Әскери кафедра

Университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша әскери кафедра қолжетімді.

Халықаралық серіктестік

Жетекші шетелдік университеттермен серіктестік. Қос диплом бағдарламалары.

Жұмысқа орналасу

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Жатақхана

1-курс иногородний студенттеріне 2021 жылы пайдалануға берілген заманауи «Студенттер үйінде» орын беріледі.

Не аласыз

ҚазУТБ-да не аласыз?

Іргелі білім

Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамынан білім алу.

Заманауи база

Заманауи материалдық-техникалық база мен цифрлық инфрақұрылымға қол жеткізу.

Fablab және инновациялар

Fablab алаңында инновациялық идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі: жылдам прототиптеу және цифрлық өндіріс.

Шетелдегі тәжірибе

Мамандық бойынша шетелде тағылымдама: Ұлыбритания, Германия, Италия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Корея, Қытай, Түркия және басқа елдер.

Ғылым және байқаулар

Ғылыми конференцияларға, байқауларға, спартакиадалар мен жарыстарға қатысу мүмкіндігі.

Студенттік өмір

Жарқын студенттік өмір: КВН, байқаулар, концерттер, спорт секциялары.

Факультеттер

Өз бағытыңызды таңдаңыз

ҚазУТБ үш бейінді факультетті біріктіреді — әрқайсысы өзіндік ғылыми базасы, аккредитацияланған бағдарламалары және кәсіби нарыққа шығу мүмкіндігі бар.

Бірінші қадам жасауға дайынсыз ба?

Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы өтінім беріңіз немесе бакалавриат бағдарламалары туралы толығырақ біліңіз.

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.