Жиі қойылатын сұрақтар
Талапкерлердің негізгі сұрақтарына жауаптар: ҰБТ, IELTS, гранттар, практика, академиялық ұтқырлық және оқу траекториялары.
Қабылдау науқаны бойынша жауаптар
Төменде талапкерлер мамандық таңдау және түсуге дайындық кезінде жиі қоятын сұрақтар берілген.
Қаңтардағы ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыру керек пе?
Жоқ, міндетті емес. Қаңтардағы ҰБТ ерікті түрде тапсырылады.
Қаңтардағы ҰБТ сертификаты университеттің ақылы бөліміне түсу үшін жарамды.
IELTS сертификаты қалай есептеледі?
IELTS 6.0 сертификаты «ағылшын тілі» бейіндік пәні бойынша ҰБТ-ның ең жоғары балына теңестіріледі.
ҰБТ бейіндік пәндерінің өту реті маңызды ма (мысалы, биология-химия немесе химия-биология)?
Жоқ, реті маңызды емес.
Университеттерде ішкі гранттар мен олимпиадалар бар ма?
Иә, университет жыл сайын конкурстар мен олимпиадалар өткізеді.
Толық ақпарат ҚазТБУ сайтына жарияланады.
Көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер бар ма?
Иә, талапкер оқуға қабылданғаннан кейін жеңілдіктер қарастырылады.
Студенттік академиялық ұтқырлық туралы айтып беріңіз. Шетелде оқу грантын қалай алуға болады?
Академиялық ұтқырлық — 2-3 курс студенттеріне арналған алмасу бағдарламасы.
Алмасу мерзімі 1 семестр (4-5 ай): студент шетелдік ЖОО-да оқып, кейін Қазақстандағы өз университетіне оралып оқуын жалғастырады.
- IELTS 6.0 және одан жоғары.
- GPA 3.0 және одан жоғары.
- Неліктен бағдарламаға лайық екеніңіз туралы мотивациялық хат.
- Оқытушылардан 2 ұсыныс хат.
Егер мен ақылы бөлімге түссем, грантқа қалай ауыса аламын?
Мемлекеттік грантпен оқытатын университеттерде жыл сайын босаған гранттарға конкурс өткізіледі.
Грантқа үміткер болу үшін оқу үлгерімі жоғары болуы және белсенділік қажет.
Практика қалай және қайда өтеді?
1 және 2 курста практика университеттің өз зертханаларында өтеді.
3 және 4 курста студенттер болашақ кәсіби саласына сәйкес компанияларда практикадан өтеді.
Практикаға жауапкершілікпен қарау маңызды, себебі ол оқу бітірмей тұрып жұмыс орнын иеленуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік грант конкурсына құжаттарды қайда тапсыруға болады?
Құжаттарды өз қалаңыздағы кез келген университетке тапсыруға болады. Өтініште түскіңіз келетін ЖОО-ларды көрсетесіз.
Қай бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік грант конкурсында бәсеке жоғары?
Әдетте экономикалық, заңгерлік және гуманитарлық бағыттарда бәсеке жоғары, өйткені бұл пән комбинацияларына бөлінетін мемлекеттік грант саны салыстырмалы түрде аз.
IT-бағыттарына түсу үшін талапкердің дайындығы қандай болуы керек?
Университеттер талапкерден оқуға дейін міндетті түрде бағдарламалау дағдыларын талап етпейді.
Негізгі білім бірінші курстан бастап нөлден беріледі, соның ішінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні арқылы.
Университеттегі әскери кафедра не үшін қажет?
Әскери кафедра — негізгі білім беру бағдарламасымен қатар жүретін қосымша білім беру форматы.
Оқу міндетті емес. Өтініштер 2-курс басталғанға дейін жазда қабылданады.
Оқу 2 жылға созылады (2 және 3 курс). Аяқтағаннан кейін запастағы лейтенант атағы және әскери билет беріледі, бұл мерзімді әскери қызметтен босатады.