Кафедра

«Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы

Кафедра 2025 жылы құрылды. Барлық білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің тілдік дайындығын қамтамасыз етеді, қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдері сияқты пәндер бойынша сабақ өткізуді қамтамасыз етеді.

Канафиева Куланда Кабылсеитовна кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты
Экономика және бизнес факультеті Кафедра факультеті
Канафиева Куланда Кабылсеитовна

Канафиева Куланда Кабылсеитовна

кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тел:

+7 701 529 0091

Кабинеті:

2/502

Кафедраның мақсаты

Кафедраның негiзгi мақсаты студенттердiң тiлдiк даярлығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету, студенттердің мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн меңгерудiң кәсiби және жекетұлғалық жағынан дамуына қажеттi теориялық бiлiмдерi мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Кафедра өз жұмысында мәдениетаралық коммуникацияны, сыни ойлау мен академиялық сауаттылықты дамыту үшін жағдай жасай отырып, студентке бейімделген және құзыреттілік-бағдарланған тәсілге сүйенеді.

Кафедра тарихы

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы 2025 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасынан бөлініп шығу негізінде құрылды.

Кафедраның тарихы 2000 жылдан бастау алады. 2000 жылы қоғамдық және жалпы тарихи пәндер кафедрасын қайта құру нәтижесінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы құрылды. Аталған кафедра құрамында тілдік пәндер мен дене тәрбиесі пәндері болды.

2013 жылға дейін кафедра «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы деп аталды. Ал 2013 жылы Қазақстан Республикасы тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша кафедра «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып қайта аталды.

2025 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен кафедра үш бөлек кафедраға бөлінді: «Мемлекеттік және шетел тілдері», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Дене тәрбиесі» кафедралары.

Біздің қызмет әдістеріміз бен басымдықтарымыз

Кафедра барлық білім беру бағдарламалары бойынша қызмет көрсететін кафедра болып табылады және қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдері сияөты пәндер бойынша сабақ өткізуді қамтамасыз етеді.

Кафедрадағы жоғары білікті оқытушылар дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерін ұштастыра отырып, студенттердің іргелі білім алуына да, тәжірибелік дағдыларын дамытуға да ерекше назар аударады. Біз әр студент өз әлеуетін толық аша алатындай, дүниетанымын кеңейтіп, мемлекеттік және шетел тілдерінде еркін сөйлей алатындай жағдай жасауға ұмтыламыз.

Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз, себебі олар алған білімдерін түрлі салаларда табысты қолданып, мәдениеттер арасындағы көпірге айналып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Сондай-ақ оқытушылар өз біліктілігін белсенді түрде арттырады, оның ішінде шетелде, мысалы: М.Ж. Аренова – АҚШ, Language Institute, Department of Languages & Cultures of Asia, Indiana University, Bloomington, Indianapolis: Department of Central Eurasian Studies Society (CESS), Summer Language Program – SWSEEL, Michigan University and IU-Bloomington: Distance Teaching; М.К. Қазбекова – Бельгия, University of Mons (UMONS), А.К. Жортушинова – Түркия, IKSAD Institute and Ankara Metropolitan Municipality, Г.А. Хасенова – РФ, Қазан (Приволжский) федералдық университеті, М.Е. Жармұхамедова – ҚХР, Аньшань педагогикалық университеті. Аньшань қ., Ляонин провинциясы, Қ.Қ. Қанафиева – Ұлыбритания, Westbourne Academy, Bournemouth қ.

Оқытушылардың арасында еңбегі әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық наградалармен және айырым белгілерімен ерекше марапатталғандар да бар, соның ішінде К. Капенова "ҚР Білім берудің құрметті қызметкері" төсбелгісі, "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі, ҚР Құрмет грамотасы, Г. Шахарман - Қазақстан халқы Ассамблеясның "Алғыс" төсбелгіс, Алматы қаласы әкімдігінің Алғысхаты. Н.П. Балкунова - "Ы.Алтынсарин", Ж. Галямова - ҚР ТЖМ Алғысхаты, К. Канафиева - ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, Д. Құрбанов - "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" атағының иегеру, "Елбасы медалі" жобасының қола медалін иеленген.



Ғылыми-зерттеу жұмысы / Ғылыми қызмет

Кафедра ОПҚ ғылыми зерттеулерге, білім беру жобаларына және халықаралық конференцияларға қатысады, онда кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетеді және жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдарда, Scopus базасына кіретін журналдарда, сондай-ақ халықаралық және республикалық басылымдарда және конференциялар жинақтарында жарияланады.

Кафедра бойынша Scopus халықаралық басылымдардағы ғылыми жарияланымдары бар оқытушылар:

1. Канафиева К. педагогика ғылымдарының кандидаты,Scopus базасында 2 мақала (Хирша 1);

2. Галямова Ж. филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, Scopus базасында 1 мақала (Хирша 1);

3.Тлепберген Д. PhD докторы –Scopus базасында 3 мақала (хирша 12), Websince базасында – 2 мақала. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) тізбесіне енгізілген журналдардағы ғылыми жарияланымдар – 3

4.Исаева Ж., филология ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор – Scopus базасында 2 мақала (хирша 3). ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) тізбесіне енгізілген журналдардағы ғылыми жарияланымдары – 6

5.Усипбаева Перизат Сагинбековна, PhD докторы, ассистент профессор Scopus базасында 1 мақала (хирша 1)6

6. Хаснова Г. гуманитарлық ғылымдар магистрі, Scopus базасында 1 мақала (Хирша 1) ,

7.Шаһарман Гулжихан Пішенбаевна, ассистент профессор – Scopus базасында 1 мақала (хирша 1)

8 Хусаинова Айгуль Кайкеновна, магистр гуманитарных, сеньор-лектор – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) тізбесіне енгізілген журналдардағы ғылыми жарияланымдар – 4 мақала

Д.Н. Тлепберген – Эстония, Таллинн, Балтық кино, медиа және өнер мектебі, ғылыми тағылымдама (қараша-желтоқсан, 2022), Эстония, Таллинн: “Kuidas käsi käib” радиосында Қазақстан мен Эстонияның тіл саясаты туралы сұхбат https://www.youtube.com/watch?v=wL2W3OcKyqI, IAWE (International Association of World Englishes) ұйымының мүшесі, АҚШ, Нью-Йорк, Stony Brook University: «Transformational Diversity in the Linguistic Landscape of Kazakhstan» тақырыбында ғылыми баяндама жасады, Малайзия, Куала-Лумпур, AILA World Congress 2024: «How Does Multilingualism Shape the Media Landscape of Post-Soviet Countries A Comparative Study of Kazakhstan and Estonia» ғылыми баяндама жасады. Испания, Доностия–Сан-Себастьян, ISB2025: «Emerging New Speakers in Kazakhstan: Family Language Policies and Multilingual Development in Interethnic Families» ғылыми баяндама жасады.

П.С. Усипбаева – Эгей университеті Түркі дүниесін зерттеу институты (Түркия Республикасы, Измир қаласы)."Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Киргизия; Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс техникалық университеті, РФ; Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, РФ; Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (СПбГУ), РФ; Santa Monica College in Los Angeles, МАТС University of Wisconsin, Houston Community College University of Houston, LaGuardia College University of New York, АҚШ сияқты университеттермен зерттеу жобалары, тағылымдамалар және тәжірибе алмасу шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Сондай-ақ кафедра ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институтымен ынтымақтастықта, ол Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде білім беруді ілгерілетеді, педагогтарды оқытады және жастардың қатысуымен ағартушылық жобаларды қолдайды.

Кафедра ҚР ҒжЖБ Тіл саясаты комитетімен, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Астана қ. Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Руханият» мемлекеттік мекемесімен байланыста.

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.