Нұртай Жадыра Тастенбековна
кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор
8 (7172) 725825 118
3/407
Кафедра 2005 жылы құрылды. Кафедра химиялық технология, экология, мұнай-газ ісі, тау-кен ісі, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша білікті мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Нұртай Жадыра Тастенбековна
кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор
8 (7172) 725825 118
3/407
Бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, өзекті өндірістік, технологиялық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ өңір мен елдің экономикалық әлеуетін нығайту мен тұрақты дамуға жәрдемдесу.
Аталған мақсат кафедра миссиясы аясында жүзеге асырылады. Кафедра миссиясы қазіргі заманғы кәсіби білім берудің моделін қалыптастыруға, ғылым мен технология дамуының өзекті үрдістері мен сын-қатерлеріне бейімделуге, білім, ғылым және өндірісті интеграциялауға, білім алушылардың кәсіби және зерттеу құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру қызметінің сапасын тұрақты арттыруға бағытталған.
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті АҚ тарихының ажырамас бөлігі болып «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының қалыптасуы мен дамуы табылады.
Кафедраның қызметі 2003 жылдан бастап келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлаудан бастау алды: «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Экология», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау».
Тарихы және даму кезеңдері
Кафедра қызметі дәстүрлі түрде білім беру, ғылым және өндіріс салаларының интеграциясына бағытталған. Құрылымдық бөлімшенің дамуы жетекші ғалымдар мен білім беру ісінің ұйымдастырушыларының басшылығымен жүзеге асырылды.
2003–2010 жылдар. Кафедраның қалыптасу кезеңінде оған химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Төлеуханұлы Ермағанбет жетекшілік етті. Оның басшылығымен оқу және ғылыми қызметтің іргелі негіздері қаланып, профессор-оқытушылар құрамы қалыптастырылды. 2008 жылы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты ашылды.
2010–2016 жылдар. Кафедра меңгерушісі қызметін PhD докторы Гүлнар Мұрзақанқызы Нұрғазина атқарды. Осы кезеңде кафедраның даму бағыты халықаралық заманауи білім беру стандарттарын енгізуге және жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағдарланды.
2016–2022 жылдар. Кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айнагүл Көлпек басқарды. Бұл кезең тәжірибеге бағытталған оқытудың қарқынды дамуымен, бизнес құрылымдарымен серіктестік байланыстардың нығаюымен және 6В07254 «Мұнай-газ ісі», 6В07219 «Тау-кен ісі» бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларының ашылуымен ерекшеленді.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін. Кафедраны PhD докторы Жадыра Тастенбекқызы Нұртай басқарып келеді. Оның жетекшілігімен кафедра білім беру бағдарламаларын цифрландыру үдерістері мен заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып жетілдіруде.
Кафедра «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім беру бағдарламаларының кең спектрін жүзеге асырады.
Бакалавриат:
●6В07254 – «Мұнай-газ ісі»;
●6В05213 – «Экология»;
●6В07219 – «Тау-кен ісі»;
●6В11230 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»;
●6В07117 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы».
Магистратура:
●7М07138 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;
●7М07253 – «Мұнай-газ ісі».
Жетістіктері және университеттің дамуына қосқан үлесі
«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы кадрлық әлеуетті нығайту, білім «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы университеттің дамуына кадрлық әлеуетті нығайту, білім беру ортасын жетілдіру және өндірістік секторымен өзара ынтымақтастықты дамыту арқылы айтарлықтай үлес қосады.
Кафедра жоғары кадрлық әлеуетке ие, ғылыми дәрежелілік деңгейі 65 %-ды құрайды. Жетекші ғалымдар мен педагогтардың көпжылдық тәжірибесі мен жас зерттеушілер мен PhD докторлардың ғылыми әлеуетін тиімді ұштастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Кафедра қызметінің маңызды бағыты – білім, ғылым және өндіріс интеграциясы. Кафедра Қазақстанның жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарымен, соның ішінде ТОО «RG Gold», ТОО «Институт химии, угля и технологии», ТОО «ЭКОСервис С», Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, Trance Alliance Service, ТОО «Тау-Кен Алтын», KazGeoMap, «Энергосберегающие технологии» ғылыми-өндірістік бірлестігі, Қазақстан Республикасындағы «Шлюмберже Лоджелко Инк» филиалы, Карачаганак Петролеум Оперейтинг, АО «СырьдарьяМунай», АО «АстанаГазСервис» компанияларымен белсенді ынтымақтасады. Аталған ұйымдардың өкілдері білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сабақ өткізуге, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға және мамандар даярлау сапасын бағалауға қатысады, бұл түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
ТОО «RG Gold» кәсіпорны «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге жыл сайын білім гранттарын бөліп, оқу шығындарын өтеуге және олардың академиялық үлгерімі мен кәсіби дамуын ынталандыруға жағдай жасайды. Бұл бастама өндірістік сектор мен жоғары білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайтып, тау-кен саласы үшін кадрлық резерв қалыптастыруға ықпал етеді.
Кафедра инклюзивті білім беру қағидаттарын енгізіп, жаппай ашық онлайн-курстарды әзірлеу арқылы заманауи білім беру ортасын белсенді дамытып келеді. Бұл сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және университеттің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары кәсіби деңгейі, заманауи білім беру технологияларын енгізу, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және өндіріс орындарымен тығыз байланыс нәтижесінде кафедра Қазақстан Республикасының әртүрлі экономика салалары үшін жоғары білікті және сұранысқа ие мамандар даярлауға елеулі үлес қосып, университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.
Кадрлық әлеуетті нығайту. Кафедраның ғылыми дәрежелілік көрсеткіші 65%-ды құрайды. Кафедра ғылыми мектептердің көпжылдық тәжірибесін жас ғалымдар мен PhD докторларының әлеуетімен ұштастыра отырып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Өндіріспен интеграция. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқу үдерісіне мүдделі тараптарды тарту жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Химия, көмір және технология институты» ЖШС, «ЭКОСервис С» ЖШС, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, Trance Alliance Service, «Тау-Кен Алтын» ЖШС, KazGeoMap, «Энергия үнемдеу технологиялары» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС, Қазақстан Республикасындағы «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясының филиалы, Karachaganak Petroleum Operating, «СырдарияМұнай» АҚ, «АстанаГазСервис» АҚ бар. Бұл өз кезегінде түлектердің еңбек нарығындағы сұранысына оң әсерін тигізеді.
Білім беру ортасын қалыптастыру. Кафедра инклюзивті білім беруді белсенді түрде дамытып, жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеуде. Бұл университеттің сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі миссиясын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Осылайша, «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының тарихы – үздіксіз даму, ғылыми жетістіктер және өз ісіне адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Қазақстан Республикасы үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау кафедра қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігінің, заманауи білім беру технологияларын енгізудің және ғылыми-зерттеу жұмыстарының белсенді жүргізілуінің арқасында кафедра еліміздің экономикасы мен өнеркәсібінің түрлі салаларында сұранысқа ие кадрларды даярлауға елеулі үлес қосып келеді.
Бұл бөлімде кафедра қызметінің негізгі бағыттары көрсетіледі:
● кафедраның негізгі қызмет бағыттары;
● заманауи білім беру технологияларын енгізу;
● тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту;
● халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
● білім беру үдерісін цифрландыру;
● жұмыс берушілермен өзара әрекеттестік;
● оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамыту.
Бакалавриат білім беру бағдарламаларының тізімі:
● Білім беру бағдарламасының коды;
● Білім беру бағдарламасының атауы;
● Қысқаша сипаттамасы;
● Оқу мерзімі;
● Берілетін біліктілік.
Білім беру бағдарламасының коды | 6В07234 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Нефтегаз инжинирингі |
Қысқаша сипаттамасы | «Нефтегаз инжинирингі» білім беру бағдарламасы мұнай-газ саласындағы инженерлік-техникалық міндеттерді шешуге қабілетті, заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер мұнай және газ кен орындарын игеру, ұңғымаларды жобалау және пайдалану, мұнай-газ өндірісін автоматтандыру, жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ өндірістік процестерді модельдеу және оңтайландыру дағдыларын меңгереді. |
Оқу мерзімі | 4 жыл |
Берілетін біліктілік | Техника және технологиялар бакалавры |
Білім беру бағдарламасының коды | 6В07219 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Тау-кен ісі |
Қысқаша сипаттамасы | «Тау-кен ісі»білім беру бағдарламасы тау-кен өнеркәсібі үшін жер қойнауын ұтымды және қауіпсіз игеру, пайдалану барлау жұмыстары, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, тау-кен кәсіпорындары мен жерасты құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану салаларында кәсіби құзыреттері бар білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама инженерлік ойлауды қалыптастыруға, практикалық дағдыларды дамытуға және өнеркәсіптік әрі экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, қазіргі өндірістік және технологиялық міндеттерді шешу қабілетін қалыптастыруға негізделген. |
Оқу мерзімі | 4 жыл |
Берілетін біліктілік | Техника және технологиялар бакалавры |
Білім беру бағдарламасының коды | 6В07254 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Мұнай-газ ісі |
Қысқаша сипаттамасы | «Мұнай-газ ісі»білім беру бағдарламасымұнай-газ саласы үшін мұнай мен газды іздеу, барлау, бұрғылау, өндіру, тасымалдау және сақтау бойынша заманауи технологияларды меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында білім алушылар мұнай-газ кен орындарының геологиясы, бұрғылау технологиялары, мұнай-газ кәсіпшілік жабдықтары, ұңғымаларды жобалау және пайдалану, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экология мәселелерін зерделейді. |
Оқу мерзімі | 4 жыл |
Берілетін біліктілік | Техника және технологиялар бакалавры |
Білім беру бағдарламасының коды | 6В11230 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
Қысқаша сипаттамасы | «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасы» адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік салаларында мамандар даярлауға бағытталған. Бағдарлама түлектері қауіпсіздікті басқару жүйелерін әзірлеуге және енгізуге, қоршаған орта жағдайын мониторингтеуге, еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ әртүрлі салалардағы кәсіпорындарда экологиялық заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. |
Оқу мерзімі | 4 жыл |
Берілетін біліктілік | «6В11230 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша қызметтер саласындағы бакалавр |
Білім беру бағдарламасының коды | 6B05213 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Экология |
Қысқаша сипаттамасы | 6B05213 «Экология» білім беру бағдарламасы экологиялық мониторинг жүргізуге, қоршаған орта жағдайын бағалау мен басқаруға, табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге, сондай-ақ табиғи және техногендік жүйелердің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті бакалаврларды даярлауға бағытталған. |
Оқу мерзімі | 3 жыл, 4 жыл |
Берілетін біліктілік | «6B05213 – Экология» білім беру бағдарламасы бойыншажаратылыстану бакалавры |
Білім беру бағдарламасының коды | 6B07117 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
Қысқаша сипаттамасы | «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы органикалық заттарды алу, өңдеу және қолдану саласында мамандар даярлауға бағытталған. Білім алушылар химиялық процестерді, синтез технологияларын, мұнай, газ және көмірсутекті шикізатты өңдеу әдістерін, сондай-ақ өндіріс сапасын бақылау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін меңгереді. |
Оқу мерзімі | 4 жыл |
Берілетін біліктілік | Техника және технологиялар бакалавры |
Магистратура білім беру бағдарламаларының тізімі:
● Білім беру бағдарламасының коды;
● Білім беру бағдарламасының атауы;
● Ғылыми-педагогикалық немесе бейіндік бағыт;
● Оқу мерзімі;
● Берілетін дәреже.
Білім беру бағдарламасының коды | 7М07253 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Мұнай-газ ісі |
Қысқаша сипаттамасы | Магистратураның «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы мұнай-газ саласында заманауи ғылыми, өндірістік және басқарушылық міндеттерді шешуге қабілетті магистрлерді даярлауға бағытталған. Бағдарлама мұнай және газ кен орындарын игеру, ұңғымаларды бұрғылау, көмірсутекті шикізатты өңдеу және тасымалдау салаларында тереңдетілген кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді. Бағдарлама түлектері мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу және сервистік кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде сұранысқа ие. |
Оқу мерзімі | 2 жыл |
Берілетін біліктілік | Техникалық ғылымдар магистрі |
Білім беру бағдарламасының коды | 7М07138 |
Білім беру бағдарламасының атауы | Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
Қысқаша сипаттамасы | Магистратураның «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы химиялық технология саласында терең кәсіби, зерттеушілік және педагогикалық құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиялық үдерістерін әзірлеу және жетілдіру, ғылыми зерттеулер жүргізу, мұнай-химия және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіне инновациялық шешімдер енгізу қабілеті бар магистрлерді даярлауға бағытталған |
Оқу мерзімі | 2 жыл |
Берілетін біліктілік | Техникалық ғылымдар магистрі |
Бұл бөлімде көрсетіледі:
● кафедраның негізгі ғылыми бағыттары;
● іске асырылып жатқан ғылыми жобалар;
● жарияланымдық белсенділік;
● гранттық зерттеулерге қатысу;
● халықаралық ғылыми ынтымақтастық;
● конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
● оқытушылар мен білім алушылардың жетістіктері;
● ғылыми үйірмелер мен зерттеу топтары.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары:
● тау-кен байыту кәсіпорындарында флотация процесін басқару;
● топырақтың ластануын зерттеу, оны тазарту шараларын әзірлеу және топырақтағы ауыр металдардың мөлшерін азайту әдістерін жасау;
● мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау және өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу, мұнай-газ кен орындарын пайдалану тиімділігін арттыру;
● органикалық заттарды алу, өңдеу және қолдану процестерін зерттеу, химия-технологиялық үдерістерді жетілдіру;
● қоршаған ортаның ластануын болдырмау және жою әдістерін зерттеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму қағидаттарын енгізу.
Іске асырылып жатқан ғылыми жобалар
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми гранттық жобалар байқауларына қатысып, жоғары ғылыми нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда, келесі зерттеулер орындалуда және жүзеге асырылуда:
● ИРН: № AP25796771 «Орталық және Батыс Қазақстан топырақтарының ластану жағдайын мониторингілеу, топырақтағы ауыр металдардың мөлшерін азайту және тазарту шараларын әзірлеу». Жобаның ғылыми жетекшісі: Битманов Ертас Жантасұлы. «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру (2025–2027 жж.). Грант сомасы: 29 303 430 теңге.
● ИРН: № BR24992761 «Медициналық және ветеринарлық қолдануға арналған отандық бәсекеге қабілетті және қауіпсіз фитопрепараттардың жаңа көздерін іздеу, олардың химиялық қасиеттері мен биологиялық белсенділігін зерттеу». Жобаның ғылыми жетекшісі: Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы, химия ғылымдарының кандидаты, PhD. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (2024–2026 жж.). Грант сомасы: 620 000 000 теңге.
Жарияланымдық белсенділік
Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі жоғары деңгейде жүзеге асырылуда, профессор-оқытушылар құрамының шамамен 50%-ы Хирш индексіне ие. Ғылыми зерттеу нәтижелері элективті пәндер әзірлеу арқылы оқу үдерісіне енгізіледі. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары жыл сайын Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында өткізілетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады.
Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектері ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда, сондай-ақ Web of Science базасына кіретін және Scopus деректер базасының 1, 2 және 3 квартилдеріндегі халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланады.
2025 жылы кафедра оқытушылары тарапынан Web of Science базасында – 4 мақала, Scopus базасында – 22 мақала, ҚР ҒЖБМ ұсынған журналдарда – 36 мақала, 40-тан астам конференция тезистері, 3 монография жарияланып, 10-нан астам қорғау құжаттары алынған.
Гранттық зерттеулерге қатысу
1. «Разработка программно-аппаратного комплекса на базе технологий искусственного интеллекта для управления процессом флотации на горно-обогатительных предприятиях» (Зейнуллин А.А.) 2025–2027 жж.
2. «Мониторинг состояния загрязненности почв Центрального и Западного Казахстана, разработка мер по очистке и уменьшению содержания тяжелых металлов в почве» (Битманов Е.Ж.) 2025–2027 жж.
3. «Поиск новых источников отечественных конкурентоспособных и безопасных фитопрепаратов для медицинского и ветеринарного применения, изучение их химических свойств и биологической активности» (Сулеймен Е.М.) 2024–2026 жж.
4. «Выделение, установление строения и противоопухолевой активности антибиотиков из грибов лишайников Акмолинской области» (Сулеймен Е.М.) 2023–2025жж.
5. «Изучение видового биоразнообразия и создание цифрового гербария флоры Государственного национального природного парка «Кокшетау»» Өнерхан Г. 2025–2027 жж.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық:
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты. Халықаралық біліктілікті арттыру тақырыбы: «Химия өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар және экологиялық қауіпсіздік». Өту мерзімі: 01.06–12.06.2026 ж. Біліктілікті арттыруға келесі оқытушылар қатысты:
· Жунусова Э.Б. – ассистент-профессор;
· Хамит А.Ж. – сеньор-лектор;
· Иварай А. – сеньор-лектор;
· Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор;
· Сламқұл И.С. – ассистент.
Түркия, Зонгулдак қаласы, Zonguldak Bülent Ecevit University. Халықаралық біліктілікті арттыру тақырыбы: «Жерасты және ашық кен өндіру жұмыстарының технологиясы». Өту мерзімі: 09.03–27.03.2026 ж., магистр,сеньор-лектор Мейрам Диана Дәуренқызы.
Түркия, Зонгулдак қаласы, Zonguldak Bülent Ecevit University Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар факультетінің Тау-кен ісі кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Халықаралық біліктілікті арттыру тақырыбы: «Жерасты және ашық кен өндіру жұмыстарының технологиясы».Өту мерзімі: 04.03–04.04.2026 ж., магистр,сеньор-лектор Мейрам Диана Дәуренқызы
Қытай, Чунцин қаласы, Чунцин ғылым және технология университеті. Халықаралық біліктілікті арттыру тақырыбы: «Чунцин қалалық халық үкіметінің шетелдік студенттерге арналған мэр стипендиясы, «Жібек жолы» жобасы». Өту мерзімі: 16.11–18.12.2024 ж. Біліктілікті арттыруға келесі оқытушылар қатысты:
Смайлова Н.Т. – профессор, х.ғ.д;
Мамытова Н.С. – ассистент профессор;
Казангапова М.К. – асс. профессор;
Конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру
Қ.Құлажанов атындағы ҚазАТУ-да жыл сайын өткізілетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы конференцияның секцияларының бірінің жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысады. Аталған секция жұмысына оқытушылар, магистранттар және білім алушылар, соның ішінде шетелдік қатысушылар да тартылады.
Сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттік ғылыми үйірме мүшелері ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен дөңгелек үстелдер жұмысына қатысады.
Оқытушылар мен білім алушылардың жетістіктері
Оқытушылар:
Зейнуллин А.А. – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 6 алдын ала патент пен патенттің, 5 оқу құралының авторы. Ғылым, білім беру және жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ерекше еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталған.
Омаров Х.Б. – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі. 200-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстарға арналған 21 авторлық куәліктің авторы. «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерінің иегері. Сондай-ақ ғылым мен техниканы дамытуға ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері.
Смайлова Н.Т. – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі. 2016 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2010), ҚР БҒМ министрінің «Алғысымен» (2020), сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласы муниципалдық халық үкіметінің «Жібек жолы» жобасы аясында жаңа материалдар бойынша білім алу бағдарламасының стипендиясымен марапатталған. 2 монографияның, 70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған 10 мақаланың (оның 6-сы Thomson Reuters деректер базасында индекстелген), сондай-ақ 14 авторлық куәлік пен ҚР инновациялық патенттерінің авторы.
Жатқанбаев Е.Е. – техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуына арналған мерейтойлық белгімен, «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 20-дан астам өнертабыс патентінің, 3 монографияның, 1 оқулық пен 1 оқу құралының, сондай-ақ 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Сүлеймен Е.М. – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, табиғи қосылыстар химиясы, фитохимия, биотехнология және химиялық технология саласындағы ғалым. 420-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген 100-ден астам ғылыми мақала, 7 монография мен кітап, 40-тан астам өнертабыс пен пайдалы модельдер патенттері бар. Профессор Сүлейменнің жетекшілігімен университетте химия, биотехнология және химиялық технология салаларында әлемдік деңгейдегі іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін үш заманауи ғылыми-зерттеу зертханасы құрылған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, Мацумаэ қорының (Жапония) медалінің және ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ведомстволық және қоғамдық марапаттардың иегері.
Нұрғалиев Н.Ұ. – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, «ҚазТБУ Хабаршысы» ғылыми журналының бас редакторының орынбасары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2012), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен (2023) – білім мен ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін марапатталған. 170-тен астам ғылыми жарияланымның, 20 патент пен өнертабысқа арналған авторлық куәліктің авторы.
Білім алушылар:
2-курс студенттері Сағындық А. және Тельбаева А. – ҒЗЖ бойынша Республикалық байқауда II дәрежелі диплом иегерлері (жетекшісі: Жунусбекова Г.Ж.)
2-курс магистранты Жадраева К. – II дәрежелі диплом иегері (жетекшісі: Сүлеймен Е.М.)
2-курс студенті Марат Ш. – II дәрежелі диплом иегері (жетекшісі: Нұрғалиев Н.К.)
3-курс студенті Болатова Әйгерім – Республикалық ҒЗЖ байқауында III дәрежелі диплом иегері (жетекшілері: Тұраққазы А.А. және Такирова А.Х.)
Ғылыми үйірмелер мен зерттеу топтары:
Кафедрада 5 білім беру бағдарламасы бойынша 20-дан астам студентті біріктіретін студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. Үйірме мүшелері семинарлар, конференциялар, олимпиадалар және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) байқауларына белсенді қатысады.
Университет галереясынан кафедрамыздың фотосуреттерін, іс-шаралары мен өмірін көріңіз.