Абдукаримова Алия Амировна
қауымдастырылған профессор, PhD
8 (7172) 725812 вн. 143
корпус 4-506
Кафедра 2010 жылы құрылды. Қарқынды дамып келе жатқан цифрлық технологиялар әлемінде тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті IT-мамандарды даярлайды.
Абдукаримова Алия Амировна
қауымдастырылған профессор, PhD
8 (7172) 725812 вн. 143
корпус 4-506
Кафедраның мақсаттары: Қазіргі IT-нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ кәсіптік білім беру стандарттарының және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік стратегиясының талаптарына сәйкес ұлттық білім беру кеңістігін дамытуға елеулі үлес қосу.
Кафедра мақсаттары:
1. Ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандар даярлау.
2. Білім беру бағдарламаларының заманауи IT-нарығының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
3. Цифрлық технологиялар саласындағы ұлттық білім беру кеңістігін дамыту.
4. Кәсіптік білім беру стандарттарына және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік стратегиясына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру.
Кафедра миссиясы: Кәсіби міндеттерді тиімді шешуге және елдің цифрлық және инновациялық дамуына ықпал етуге қабілетті, заманауи IT-технологиялар саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Миссияның қысқаша ұраны: «Еліміздің цифрлық болашағын жасайтын IT-профессионалдарды даярлаймыз».
Миссияны сипаттайтын 4 негізгі тармақ:
5. Жоғары білікті IT-мамандар даярлау.
6. Тәжірибеге бағытталған кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
7. Білім, ғылым және цифрлық технологиялардың интеграциясы.
8. Елдің инновациялық және цифрлық дамуына жәрдемдесу.
Миссия мен міндеттер туралы толық мәтін:
«IT» кафедрасының миссиясы - кәсіби міндеттерді тиімді шешуге және елдің цифрлық және инновациялық дамуына ықпал етуге қабілетті, заманауи IT-технологиялар саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Кафедраның білім беру қызметі әлемдік ғылыми тәжірибе мен заманауи инновациялық оқыту технологиялары негізінде құрылады. Оқу процесін дайындауда оқу процесін ұйымдастырудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады, жаңашыл тәсілдер мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы ынталандырылады. Кафедра Қазақстан Республикасының жетекші университеттерімен, шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарымен, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен серіктестік байланыстарды дамытады.
«IT» кафедрасы «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және цифрлық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан әлемінде тиімді жұмыс істей алатын, жоғары білімді, іргелі дайындығы бар, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
«IT» кафедрасы 2010 жылғы тамызда құрылған. Кафедраның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 18.04.2017 ж. берген KZ29LAA00008799 мемлекеттік лицензиясы негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жүзеге асырылады және мерзімсіз қолданылады.
«IT» кафедрасы заманауи цифрлық шешімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу саласында жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асырады. Кафедра өз қызметінде іргелі дайындықты IT-индустриясының өзекті талаптарына жауап беретін тәжірибеге бағытталған оқытумен ұштастырады.
Бакалавриат:
1. Білім беру бағдарламасының атауы: 6В06114 «Ақпараттық жүйелер»
Қысқаша сипаттамасы: Білім беру бағдарламасы әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу, әкімшілендіру және сүйемелдеудің заманауи білімдері мен практикалық дағдыларын меңгерген ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер бизнес және технологиялық процестерді талдай алады, дерекқорлар мен корпоративтік жүйелердің архитектурасын жобалайды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және цифрлық трансформация талаптарына бейімделе алады.
Оқу мерзімі: 4 жыл.
Берілетін дәреже: «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалавры.
2. Білім беру бағдарламасының атауы: 6В06137 «Компьютерлік ғылымдар және интеллектуалды жүйелер»
Қысқаша сипаттамасы: бағдарлама бағдарламалық және зияткерлік жүйелерді жобалау, әзірлеу, талдау және енгізудің заманауи білімдері мен практикалық дағдыларын меңгерген компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер машиналық оқыту алгоритмдері мен модельдерін әзірлей алады, істен шығуға орнықты бағдарламалық шешімдер жасайды, есептеу жүйелерінің тиімділігін бағалайды және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына бейімделе алады.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Берілетін дәреже: «Компьютерлік ғылымдар және интеллектуалды жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалавры.
3. Білім беру бағдарламасының атауы: 6В06137 «Компьютерлік ғылымдар және интеллектуалды жүйелер»
Қысқаша сипаттамасы: бағдарлама бағдарламалық және зияткерлік жүйелерді жобалау, әзірлеу, талдау және енгізудің заманауи білімдері мен практикалық дағдыларын меңгерген компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер машиналық оқыту алгоритмдері мен модельдерін әзірлей алады, істен шығуға орнықты бағдарламалық шешімдер жасайды, есептеу жүйелерінің тиімділігін бағалайды және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына бейімделе алады.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Берілетін дәреже: «Компьютерлік ғылымдар және интеллектуалды жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалавры.
Магистратура:
1. Білім беру бағдарламасының атауы: 7М06136 «Ақпараттық жүйелер» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Қысқаша сипаттамасы: Білім беру бағдарламасы ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласында терең теориялық білімге, заманауи ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және басқару бойынша практикалық әрі зерттеушілік дағдыларға ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер бағдарламалау, виртуалдандыру, бұлтты есептеулер және жасанды интеллекттің заманауи технологияларын қолдануға, ақпараттық процестерді талдауға және оңтайландыруға, ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
Оқу мерзімі: 2 жыл.
Берілетін дәреже: 7М06136 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі.
2. Білім беру бағдарламасының атауы: 7М06138 «Ақпараттық жүйелер» (бейіндік бағыт)
Қысқаша сипаттамасы: Білім беру бағдарламасы ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласында заманауи ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және басқару бойынша кәсіби құзыреттіліктерге ие, тәжірибеге бағдарланған жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер үлкен деректерді талдау, машиналық оқыту және ақпараттық қауіпсіздік технологияларын қолдануға, ақпараттық процестерді оңтайландыруға, тиімді цифрлық шешімдерді әзірлеуге және экономиканың әртүрлі салаларында IT-жобаларды басқаруға қабілетті.
Оқу мерзімі: 1 жыл.
Берілетін дәреже: 7М06138 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі.
3. Білім беру бағдарламасының атауы: 7М06137 «IT–менеджмент» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық және басқару қызметіне қабілетті IT-менеджмент саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер цифрлық трансформация стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға, IT-жобалар мен ақпараттық жүйелерді басқаруға, IT-инфрақұрылымның тиімділігін бағалауға, инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
Оқу мерзімі: 2 жыл.
Берілетін дәреже: 7М06137 «IT – менеджмент» БББ бойынша техника ғылымдарының магистрі.
4. Білім беру бағдарламасының атауы: 7М06139 «IT–менеджмент» (бейіндік бағыт)
Қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық технологияларды, IT-жобаларды, IT-қызметтерді, деректерді, ақпараттық қауіпсіздікті және ұйымдардың цифрлық инфрақұрылымын стратегиялық басқару саласында кәсіби құзыреттіліктері бар бейінді бағыттағы магистрлерді даярлауға бағытталған.
Оқу мерзімі: 1 жыл.
Берілетін дәреже: 7М06139 «IT менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі.
Ғылыми қызмет
«IT» кафедрасының ғылыми қызметі заманауи цифрлық технологиялар саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытуға бағытталған. Негізгі мақсат - экономика мен қоғамды цифрландыруға ықпал ететін инновациялық шешімдерді жасау, сондай-ақ студенттер мен жас зерттеушілердің құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:
1. Ақпараттық жүйелер және деректер қоры.
2. Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау.
3. Заттар интернеті (IoT) және ендірілген жүйелер.
4. Жасанды интеллект және машиналық оқыту.
5. Желілік технологиялар және бұлтты есептеулер.
6. Бағдарламалық инженерия және БҚ әзірлеу.
7. Білім беру процестерін цифрландыру.
Кафедраның ғылыми жұмысының ерекшеліктері:
Университет галереясынан кафедрамыздың фотосуреттерін, іс-шаралары мен өмірін көріңіз.