2022 жылғы 8 сәуірде Қазақ технология және бизнес университетінде ғалымдарға, оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға, мемлекеттік және қоғам қайраткерлеріне, бизнес құрылымдарының өкілдеріне арналған «Ғылым, технология және инновация» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасы «Дизайн және жеңіл өнеркәсіп: теория, әдістеме және практика» атты 5-секцияның жұмысына қатысты. Секцияға 17 адам қатысты: «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 7M07250 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасының магистранттары, 6B07224 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы», 6B02100 «Дизайн», 6B02103 «Сән дизайны», 6B02104 «Сәулет дизайны», 6B02101 «Графикалық дизайн» білім беру бағдарламаларының бакалаврлары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінен келген қонақ Д. Жақсылықова.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталып, 6 жүлделі орын берілді:
1-орын – Камила Тайсаринова, ҚазТБУ 5В041200 – «Дизайн» мамандығының 5-курс студенті, Нұр-Сұлтан қ. Жетекшісі: Б.И. Умралиева, т.ғ.к., ҚазТБУ «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ.
2-орын – Мұхаббат Шакирова, магистр, «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының оқытушысы.
2-орын – Динара Асильбекова, ҚазТБУ 7M07250 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасының магистранты, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы. Жетекшісі: Р.С. Джакпарова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
3-орын – Гаухар Дошаева, ҚазТБУ 5В041200 – «Дизайн» мамандығының 3-курс студенті, Нұр-Сұлтан қ. Жетекшісі: Т.Х. Ордашев, т.ғ.к., ҚазТБУ «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ.
3-орын – Сәкен Боранбаев, Қазақ технология және бизнес университеті «Сәулет дизайны» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті. Ғылыми жетекшісі: С.А. Сагинтаева, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, Еуропалық дизайнерлер одағының мүшесі, Нұр-Сұлтан қ.
3-орын – Аруна Болатова, Қазақ технология және бизнес университеті ТиКИЛП-192 тобының 3-курс студенті. Жетекшісі: Б.Т. Нурмухамбетова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Нұр-Сұлтан қ.