

2026 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, интеллектуалды AI-агенттер мен инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналған ауқымды халықаралық HackAlem AI 2026 хакатоны өтті. Іс-шара болашақтың цифрлық шешімдерін жасауға қызығушылық танытқан жас әзірлеушілерді, IT мамандарын және технологиялық қауымдастық өкілдерін біріктірді. Хакатон AI-агенттерді әзірлеу бойынша қатысушылар саны жағынан Гиннестің рекордтар кітабына (Guinness World Records) енді.
Халықаралық хакатонға «IT» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы ИС-262/2 СО тобының студенттері қатысты: Межинский Михаил (Gronto командасының құрамында), Сомиков Владимир (NX-Sentinel командасы).
Студенттер осы тарихи оқиғаға қатысқанын растайтын атаулы халықаралық сертификаттарға ие болды.
Топ кураторы - физика-математика ғылымдарының кандидаты, «IT» кафедрасы қауымдастырылған профессорының м.а. Рыстыгулова В.Б.
«IT» кафедрасы студенттерді құттықтап, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруде және инновациялық жобаларды жүзеге асыруда жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдіреді!