Лучший преподаватель вуза-2023

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы бойынша келесіні хабарлайды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы бойынша келесіні хабарлайды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері соңғы он жылда аталған конкурсқа қатыспайды.

Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

Конкурстың I кезеңі 2023 жылдың 1 қарашасынан басталып,2023 жылдың 10 қарашаға дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2023.iac.kz.) келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);

3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 11-15 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың II кезеңі 2023 жылдың 17 қарашасынан басталып, 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2023.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

КазУТБ-та Қытайлық серіктестермен бірлескен білім беру орталығы ашылды

КазУТБ-та Қытайлық серіктестермен бірлескен білім беру орталығы ашылды

Оқушы биоыдырайтын бактерияға қарсы үлдір әзірлеп, Қазақстан Республикасының патентіне өтінім берді

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде талантты жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту бағытындағы белсенді ж...

Подведены итоги II этапа Республиканского конкурса НИРС по образовательной программе «Менеджмент»

АО «Казахский университет технологии и бизнеса имени К. Кулажанова» в соответствии с письмом Комитета высшего и послевузовского образования...

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.