2026 жылғы 26 қарашада Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Туризм және сервис» кафедрасы 2027–2028 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын талқылау мен жаңартуға арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға шетелдік серіктестер, туризм индустриясы мен қонақжайлылық саласының өкілдері, жұмыс берушілер, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Онлайн форматта дөңгелек үстел жұмысына Dedeman Hospitality бас операциялық директоры, ҚазТБУ-дың халықаралық академиялық консультанты Тансель Терджан мен профессор, халықаралық консультант, туризм және қонақжайлылық саласындағы арнайы пәндер оқытушысы Нұрфер Терджан қосылды.
Білім беру бағдарламаларын талқылауға кафедраның жұмыс берушілері мен серіктестері қатысты:
— Бірінші мейрамхана мектебінің негізін қалаушы, «CJ Brand Company» ЖШС директоры Сейітжан Оспанов;
— «Жұмбақтас» қонақүйі директорының орынбасары Сәуле Жақсылықова;
— «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов;
— ТМД елдері бойынша Dedeman халықаралық қонақүйлер желісінің өкілі Әсел Сұлтанова;
— The Ritz-Carlton қонақүйінің лобби-лаундж-барының жетекшісі Меруерт Рахымберді;
— DS Travel туристік компаниясының директоры Дана Әлімбекова;
— Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының белсенді туризм түрлері бойынша нұсқаушысы Ерсайын Сабидолла;
— «Велор» компаниясының маркетинг бойынша директоры Зарина Нұртазина;
— Trademark Collection by Wyndham қонақүйінің қонақтармен жұмыс жөніндегі менеджері Аяулым Бақтыбекова.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — еңбек нарығының заманауи талаптарын, халықаралық тенденцияларды және жұмыс берушілердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру болды.
Қатысушылар оқу пәндерін өзектендіруді, білім алушылардың кәсіби, цифрлық, тілдік, басқарушылық және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуды талқылады. Тәжірибелік дайындықты күшейтуге, өндірістік тәжірибе мен тағылымдамаларды ұйымдастыруға, дуальды оқытуды дамытуға, туризм және қонақжайлылық саласында жасанды интелектіні қолдануға, сондай-ақ бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Ашық кәсіби диалог барысында жұмыс берушілер мен шетелдік серіктестер туризм индустриясы, қонақүй және мейрамхана бизнесі үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарын білдірді.
Қатысушылар университет пен кәсіби қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға жұмыс берушілерді тартудың, білім алушылардың тәжірибелік дайындығын тікелей серіктес кәсіпорындар базасында ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелді өткізу кәсіби тәжірибе алмасу және кадрларды даярлаудың өзекті бағыттарын талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Түскен ұсыныстар «Туризм және сервис» кафедрасының 2027–2028 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын жаңарту кезінде қарастырылатын болады.
«Туризм және сервис» кафедрасы шетелдік және отандық серіктестерге, жұмыс берушілерге, әріптестерге және білім алушыларға белсенді қатысқаны, мазмұнды диалогы, құнды ұсыныстары мен болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді!




