2026 жылғы 23 қыркүйекте «Туризм және сервис» кафедрасы «Дуальды оқытуды ұйымдастыру және кафедраның бизнес-құрылымдармен тиімді өзара іс-қимылы» тақырыбында халықаралық әдістемелік семинар өткізді.
Іс-шараға шетелдік ғалымдар, жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері, оқытушылармен студенттер қатысты. Семинар барысында дуальды оқытуды ұйымдастырудың
заманауи тәсілдері, мамандарды практикаға бағдарланған даярлау мәселелері,
сондай-ақ университет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты
нығайтудың перспективалары қарастырылды.
Семинар барысында мазмұнды баяндамалармен сөз сөйлегендер:
Тансел Терджан, Ph.D., профессор, Dedeman Hospitality қонақүйлер желісінің операциялық директоры (Түркия);
Юнус Топсакал, Ph.D., доцент, Малатья Тургут Өзал университеті (Түркия);
Рей И.Ю., Ph.D., Қазақстан Республикасының Туроператорлар қауымдастығының президенті;
Нурфер Терджан, Ph.D., профессор, «Туризм және сервис» кафедрасы (Түркия);
Флерко Т.Г., география ғылымдарының кандидаты, доцент, Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь);
Жақсылықова С.У., «Жұмбақтас» қонақүй кешенінің өкілі.
«Туризм және сервис» кафедрасы шетелдік ғалымдар мен жұмыс беруші ұйымдардың өкілдеріне белсенді қатысқаны, мазмұнды баяндамалары, құнды ұсыныстары және кәсіби білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін ерекше алғысын білдіреді.
Семинар қорытындысы бойынша одан әрі академиялық және кәсіби ынтымақтастықты
дамытудың перспективалық бағыттары айқындалды.

