Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

«Туризм және сервис» кафедрасы Тұңғыш Президент Музейі ұйымдастырған «Бағдар» волонтерлік бағдарламасына қатысты

2026 жылғы 15 қазанда Тұңғыш Президент Музейінде «Туризм және сервис» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен «Бағдар» волонтерлік бағдарламасының тұсауы кесілді

2026 жылғы 15 қазанда Тұңғыш Президент Музейінде Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті «Туризм және сервис» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен «Бағдар» волонтерлік бағдарламасының тұсауы кесіліп, таныстырылымы өтті.
Іс-шара аясында кафедра оқытушылары мен студенттері практикалық бағдарламаға белсене қатысып, Музейдің қызметімен төрт бағыт бойынша танысты: Жеке мұрағат қызметі, Жеке кітапхана қызметі, Музейлік-көрме және Экскурсия қызметтері. Қатысушылар Музейдің нақты жұмыс процестеріне жақындатылған тапсырмаларды орындады.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Бағдар» бағдарламасына оқу жылы бойы қатысуды жалғастыратын волонтер-студенттер тобы жасақталды. Бағдарлама музейлік волонтерлікті дамытуға, студенттердің практикалық тәжірибе алуына, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және оларды Музейдің көрме, экскурсиялық және мәдени-ағартушылық жобаларына әрі қарай тартылуына бағытталған.
Бұл іс-шара Тұңғыш Президент Музейі мен Қ. Құлажанов атындағы ҚазАТБ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды жалғасы, сондай-ақ «Туризм және сервис» кафедрасы студенттерін практикаға бағдарлап оқытуды дамытудағы маңызды қадам болды.



← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

Білім алушылар командасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XVIII Республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің білім алушылар командасы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің XVIII Рес...

ҚазТБУ профессоры Ерлан Сүлеймен халықаралық ғылыми форумда баяндама жасап, «Научные инновации» журналының редакциялық алқасының құрамына енді

2026 жылғы 10 қарашада Петропавл қаласында Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күніне орай «Ғылым. Ынтымақтастық. Болашақ» атты хал...

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «TENGE QUEST 2026» турнирінде I орын иеленді

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «TENGE QUEST 2026: Қаржы алаңы» интеллектуалдық қаржы турнирінде I орынға ие болды