Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

«Алтын Дала – 2026»: туризм, шығармашылық және спорт мерекесі.

2026 жылдың 29 қыркүйегінде «Туризм және Сервис» кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне орай «Алтын Дала – 2026» іс-шарасын өткізді.

«Алтын Дала – 2026»: туризм, шығармашылық және спорт мерекесі

2026 жылдың 29 қыркүйегінде «Туризм және Сервис» кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне орай «Алтын Дала – 2026» іс-шарасын өткізді.

Оған «Туризм» және «Халықаралық туризм» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері қатысты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының базасында өтті.

Жарыс үш номинация бойынша ұйымдастырылды: «Команданың визиткасы» — қатысушылардың шығармашылық таныстырылымы; «Туризм — біздің болашағымыз» — өнер көрсету (шығармашылық нөмір); «Бағытты бағындыр» — спорттық эстафета.

Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, спорттық дайындықтарын, ауызбіршілігін және туризм саласына деген кәсіби қызығушылықтарын көрсетті.

Іс-шараның демеушісі Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті болды. Ұйымдастырушылық қолдауды Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы көрсетті. «Туризм және Сервис» кафедрасы әріптестеріне ынтымақтастығы мен студенттік туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.


← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

Білім алушылар командасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XVIII Республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің білім алушылар командасы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің XVIII Рес...

ҚазТБУ профессоры Ерлан Сүлеймен халықаралық ғылыми форумда баяндама жасап, «Научные инновации» журналының редакциялық алқасының құрамына енді

2026 жылғы 10 қарашада Петропавл қаласында Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күніне орай «Ғылым. Ынтымақтастық. Болашақ» атты хал...

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «TENGE QUEST 2026» турнирінде I орын иеленді

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «TENGE QUEST 2026: Қаржы алаңы» интеллектуалдық қаржы турнирінде I орынға ие болды