Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

ДӘСТҮРДЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА: НАН ПІСІРУ ӨНЕРІ МЕН ИТАЛЬЯНДЫҚ АСХАНА!

2026 жылғы 19 қарашада «Технология және стандарттау» кафедрасында «Заманауи нан өнімдері және итальяндық асхана: нан пісіру және аспаздық өнер» тақырыбында танымдық шеберлік сабағы өткізілді.

ДӘСТҮРДЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА: НАН ПІСІРУ ӨНЕРІ МЕН ИТАЛЬЯНДЫҚ АСХАНА!

2026 жылғы 19 қарашада «Технология және стандарттау» кафедрасында «Заманауи нан өнімдері және итальяндық асхана: нан пісіру және аспаздық өнер» тақырыбында танымдық шеберлік сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар нан пісірудің заманауи технологияларымен, нан-тоқаш өнімдерін дайындау ерекшеліктерімен және итальяндық асхананың аспаздық дәстүрлерімен танысты.
Шеберлік сабағы студенттерге гастрономия әлеміне тереңірек үңіліп, аспаздық өнердің кәсіби қыр-сырын меңгеруге, теориялық білімдерін кеңейтуге және тағам өндірісінің практикалық бағыттарын тануға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар дәстүрлі рецептураларды заманауи тағам өндірісі технологияларымен ұштастыруға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Технология және стандарттау» кафедрасы және ТППрод 241СО тобының студенттері: Балбердинов А. И. және Балтабай А. Е.

Мұндай іс-шаралар студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге, кәсіби қызығушылығын арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға жол ашады.
 Кәсіби шеберлік білімнен басталады, ал нағыз тәжірибе ізденіс пен еңбектен қалыптасады!
← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

«Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Кенжегүл Ақмышқызын PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2026 жылғы 18 қарашада «Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Омарова Кенжегүл Ақмышқызы «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша...

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» ЖОО-ішілік конкурстың I кезеңіні

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» атағын беруге арналған ЖОО-ішілік конкурстың I кезеңінің қорытындылары

Фридом Финанс маманының қонақ дәрісі

2026 жылғы 17 қарашада «Экономика және қаржы» кафедрасы Freedom Finance АҚ маманы Ринар Кузербаевтың қатысуымен инвестициялау негіздері тақы...